Жаңалықтар

Жаттықтырушылар даярлау курстарына үміткерлерді іріктеу


 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2011 жылғы 21 және 23 желтоқсан аралығында Кембридж Университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп даярланған Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша жаттықтырушылар даярлау курстарына үміткерлерді іріктеу мақсатында облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының қызметкерлерімен сұхбат өткізуде.


21 желтоқсан – Астана қ., Қарағанды облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай облысы.
22 желтоқсан – Алматы қ., Ақтөбе облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы.
23 желтоқсан – Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар: ағылшын тілін білу (бағалаушыларға), кредиттік технология бойынша ең төменгі орташа балл (GPA) - 3, классикалық жүйе бойынша - 4. 



Қаралым: 4442
Жарияланған: 11 Қаңтар