Жаңалықтар

«Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты конференцисының қатысушыларының ұсынымдары



«Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының
ҰСЫНЫМДАРЫ
(Қазақстан, Астана, 2011 ж. 05-06 желтоқсан)



«Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (бұдан әрі – Конференция) педагогикалық шеберлікті дамыту жобасының ауқымдылығы және өзектілігі атап өтілді. Конференция барысында педагогтар ортасының өзекті проблемаларын, педагогтарды даярлау және біліктілігін арттырудың қазақстандық және шетелдік жүйелерінің үрдістерін, мұғалімдерді кәсіби жетілдірудің болжалды тетіктерін талқылап, қатысушылар мынадай ұсынымдар жасады:

І. Мұғалімді кәсіби дамыту бойынша:
1) қазақстандық педагогтардың кәсіби проблемаларын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу;
2) мұғалімдердің кәсіби қажеттіліктерінің мониторингі нәтижелері негізінде біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын қалыптастыру;
3) біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламаларында міндетті және ұсынымды бөлімдерді қарастыру;
4) тәжірибе алмасу және үздік практикаларды енгізу мақсатында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын дамыту;
5) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеуге озық қазақстандық және халықаралық сарапшыларды тарту;
6) педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттырудың кешенді жүйесін құру жұмысын ұйымдық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
7) мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы үшін жағдай жасау;
8) мұғалімдердің жұмыс жағдайын жақсарту (мұғалімді қажетті оқу жабдықтарымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету). Мектептер бюджеттеріне педагогтік басылымдарға (қағаз және электронды тасымалдағыштарда) жазылуға жеткілікті қаражат бөлу;
9) жүйені үнемі жетілдіріп отыру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттырудың кешенді жүйесінің аясында оқытудан өткен мұғалімдердің кәсіби қызметінің мониторингін жүргізу;
10) озық педагог кадрлардың ұлттық қорын қалыптастыру мақсатында жаңашыл-педагогтардың дерекқорын құру және оны жүйелі толықтырып отыру;
11) қазақстандық жаңашыл-педагогтардың үздік педагогикалық тәжірибесін және үздік халықаралық тәжірибені жыйнақтау және Қазақстанда тарату;
12) мұғалімдердің кәсіби қоғамдастықтарының дамуына жағдай жасау және оларды білім беру бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың сараптамасын жүргізуге және талдау жасауға тарту;
13) оқыту материалдарының теориялық және практикалық мазмұнының және педагогтарды оқыту нәтижелерінің мониторингі негізінде педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу және сараптамасын жүргізуге, өзінің педагогикалық тәжірибесін кеңінен таратуға жаңашыл педагогтарды тарту;
14) негізгі педагогикалық жүктемені қысқарта отырып, орта білім беру ұйымдарында тәлімгер-педагог мектебін құру және оған еңбекақы төлеуді қарастыру;
15) Қазақстан мұғалімдерінің танымал халықаралық білім беру ұйымдарында тағылымдамасын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
16) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру саласында қызмет көрсететін баламалы ұйымдардың жұмыс істеуіне жағдай жасау;
17) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру саласында қызмет көрсететін білім беру ұйымдарын аккредитациялау рәсімінің нормативтік, құқықтық базасын әзірлеу және бекіту;
18) ата-аналар мен жергілікті қоғам көшбасшылары арасында мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа бағдарламасы туралы түсіндіру жұмысын жүргізу;
19) педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру жүйелерінің сабақтастығына ықпал жасау;
20) мектептердегі психологиялық-педагогикалық қызметті кеңейту;

ІІ. Педагог кадрларды даярлау бойынша:

21) қазіргі заманғы мектеп қажеттіліктеріне сәйкес жоғары педагогикалық білімнің мазмұнын айқындау;
22) қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, мектептердің педагог қызметкерлерінің біліктілік сипаттамасын әзірлеу;
23) педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру жүйелерін жетілдурі жөніндегі қазақстандық бағыттың түбегейлі жаңалықтарын ескере отырып, Жаңа формация педагогының үздіксіз кәсіби білім алуы тұжырымдамасын әзірлеу;
24) педагогикалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын ЖОО-лардың білім беру қызметтерінің мониторингін жүргізу;
25) педагог мамандығын жүрек қалауымен таңдаған дарынды талапкерлерді тарту үшін мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарының сапасын күшейту;
26) диплом жұмыстарында, магистрлік және докторлық диссертацияларда педагогтардың үздіксіз кәсіби дамуы, білім беру менеджментін жетілдіру мәселелерін қарастыру;
27) негізгі орта білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық арқылы педагогикалық мамандық студенттерінде мұғалім мамандығына қызығушылық пен оң көзқарас қалыптастыру;
28) жоғары педагогикалық білім беру бағдарламаларында студенттердің педагогикалық тәжірибесіне және интернатурадан өтуіне арналған уақыттың өсуін көздеу;
29) магистратураның педагогикалық мамандықтары бойынша мемлекеттік гранттар санын ұлғайту;
30) педагогикалық ЖОО талапкері үшін өлшемдер әзірлеу және соның негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша студенттер құрамын қалыптастыру тәжірибесін қайта қарау;
31) педагогикалық ЖОО-ларда студенттердің қорытынды аттестациясын жүргізудің мазмұнын қайта қарау;
32) педагогикалық ЖОО-ларды бітірушілер үшін біліктілік емтихандарын енгізу және ЖОО рейтингілерін белгілеу кезінде олардың нәтижелерін ескеру;
33) тілдік пәндер бойынша оқу бітірушілер үшін тілді білу деңгейін анықтауға емтихан енгізу;
34) мұғалімдер даярлауды үнемі жетілдіру үшін қазақстандық педагогтардың мектептегі кәсіби проблемаларын және мектептерде болып жатқан өзгерістерді анықтау мақсатында педагогикалық ЖОО-ларда зерттеулер жүргізу;

ІІІ. Ақпараттық технологияларды қолдану бойынша:
35) ақпараттық-коммуникациялық ресурстарды дамыту саласында пайда болған жаңа білім, технологиялар, инновацияларға сәйкес педагог мамандықтардағы студенттерді оқыту мазмұнын жаңарту және ортасын жобалау;
36) педагогтарды кәсіби қызметінде мамандандырылған электронды ақпараттық ресурстарды қолдануға даярлауға көмектесетін оқыту бағдарламаларын қолдануға мұғалімдерді жаппай даярлауды ұйымдастыру;
37) мектептердің мультимедиялық жабдықталуының бағдарламалық ресурстарын сатып алу, оқыту процесіне электронды және желілік ресурстарды пайдалануды енгізуді талдау және ұсынымдар әзірлеу жүйесін құру;
38) Педагогикалық шеберлік орталығы веб-сайтының жұмысы арқылы біртұтас желілік ғылыми-білім беру қоғамдастығын құруға және электронды сұхбаттасу алаңының жұмыс істеуіне көмектесу;
39) бірінші, екінші және үшінші біліктілік деңгейлер мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары шеңберінде онлайн-оқытуды жүзеге асыру үшін білім беру платформасының жұмысын қамтамасыз ету;
40) біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларында заманауи білім беру технологияларын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерімен ықпалдастыру;
41) біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмысқа оқытуда ақпараттық-коммуникативтік ресурстарды пайдалану саласындағы сарапшы мамандарды тарту;
42) желілік кеңістікте қазақстандық және халықаралық озық педагогикалық тәжірибе, білім берудегі менеджмент жетістіктері мәселелері бойынша баспа-ағарту қызметін жүргізу;
43) оқыту процесін ақпараттандыруды ескере отырып, жаңашаландырылған, қазақстандық жағдайларға бейімделген педагогтарды даярлау және біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
44) педагог мамандықтары бойынша кадрлар даярлау курсының өн бойында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру құзыреттілігін қалыптастыратын және дамытатын пәндерді енгізу;
45) өңірлік мектептер базасында компьютерлік білімді жинақтау және тарату құзыреті орталықтарын құру. Бұл орталықтар өздерінің жинақтаған тәжірибелерін аудандық және шалғайдағы өңірлер мектептеріне тарататын және оқу бағдарламалары мен материалдарын даярлауға көмек көрсететін болады;
46) микро-қоғамдастықтарды макро-қоғамдастықтарға біріктіру үшін жекелеген өңірлердегі микро-қоғамдастықтар мониторингін жүргізу;
47) мектептердің техникалық базасын нығайту үшін жергілікті атқарушы органдарға «Әрбір мұғалімге бір ноутбук» бағдарламасы бойынша нысаналы қаржыландыру көздеу;
48) заманауи инновациялық мультимедия кешендерін пайдалану арқылы қазақ және ағылшын тілдері бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру.



Қаралым: 9994
Жарияланған: 12 Желтоқсан