Жаңалықтар

Жоғары Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өтті


16 маусымда «Назарбаев Университетте» Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Назарбаев Университетінің Жоғары қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өтті.  Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысында басты сұрақ «Назарбаев Университет» , «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев фонд» қайта ұйымдастыруы болды.

  2011 жылдың 15 маусымында  «Назарбаев Университет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  акционерлік қоғамы дербес білім ұйымдары болып қайта ұйымдастырылды.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, ал Зияткерлік мектептердің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев тағайындалды. Сондай-ақ, Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың Қамқоршылық кеңесінің жеке құрамы бекітілді.

Атқарушы құрылым бойынша Университеттің Ректоры қызметіне Шигео Катсу, Университеттің Атқарушы кеңесінің төрағасы және Қордың Басқарма төрағасы қызметіне Аслан Бәкенұлы Саринжипов, Зияткерлік мектептердің Басқарма төрайымы қызметіне Күләш Ноғатайқызы Шамшидинова тағайындалды.



Қаралым: 4237
Жарияланған: 07 Шілде