Жаңалықтар

Білімінің әлімдік сапасына қарай


2011 жылдың 26 мамырында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы К.Н.Шәмшидинова басқарған делегациясыКембридж Университетінің Халықаралық Емтихандық Кеңесінің өкілдерімен кездесу үшін Кембриджге Ұлыбританияға келді (Cambridge International Examinations). Кездесу барысында стратегиялық серіктестік аясындағы алдығы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Келіссөздер нәтижесінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ және Кембридж Университетінің Халықаралық Емтихандық Кеңесі арасында Зияткерлік мектептердің эксперименталды кіріктірілген оқу бағдарламаларын жетілдіріп, халықаралық білім стандарттарына сай келтіру жөнінде келісімге қол қойылды.
Аталған келісім аясында Зияткерлік мектептер мамандары 2011 жылы Кембридж Университетінің халықаралық эксперттерімен Зияткерлік мектептердің Оқыту бағдарламаларын жетілдіру және оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесін дайындау жұмыстары жүргізілетін болады. Зияткерлік мектептердің жетілдірілген оқыту бағдарламалары үздік халықаралық және отандық тәжірибені үйлестіріп, халықаралық білім сапасына сай болады деп күтілуде.



Қаралым: 4746
Жарияланған: 20 Маусым