Жаңалықтар

Жаз Кентербериде өтеді!


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма төрайымы бастаған делегациясының Ұлыбританияға барған іссапар кезінде Арнайы мектептер мен академиялардың қорымен (SSAT - Specialist Schools and Academies Trust) Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына жазғы мектеп ұйымдастыру туралы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес келісімшартқа қол қойылды.

Жазғы мектеп Кентербериде Ұлыбритания Кент Университетінің негізінде ұйымдастырылады. Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары ағылшын тілін курстарын өтуге және Кентерберидегі Саймон Лэнгтон гимназиясының оқушылармен бірге ғылыми зерттеулік жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алды.

Арнайы мектептер мен академиялардың қорымен математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі, ақпараттық технологиялар, өнер мамандықтары бойынша шет елді мұғалімдері қызмет көрсету туралы келісім шартқа қол қойылды.



Қаралым: 4797
Жарияланған: 20 Маусым