Жаңалықтар

Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды


«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей білім саласында талмай еңбек етіп келе жатқан жандар - Назарбаев зияткерлік мектебінің биология пәнінің мұғалімі С.А. Кан, химия пәнінің мұғалімдері С.С.Үйсенбекова,А.Б. Баймұқышева, математика пәнінің мұғалімдері С.С. Полянских,Ж.С. Бекіш, физика пәнінің мұғаліміБ.Қ. Сыдықова.
Аталған ұстаздардың шәкірттері Қостанай қаласында өткен Республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болып, 22 сәуір күні Талдықорған қаласына оралды. Мектеп оқушылары, мұғалімдер зор қуанышпен өздерінің алғашқы мақтаныштарын салтанатты түрде қарсы алды.
Оқушылардың қабілетін ашып, мүмкіндігін шыңдауда да ұстаздар аянбай тер төгуде.Соның арқасында оқушылары республикалық пән олимпиадасынан математика бойынша 9-сынып оқушысы Нұрғабылов Ернияз ІІ орын , физика пәні бойынша 10-сынып оқушысы Жақсылық Азамат ІІ орын, химия пәнінен10-сынып оқушысы Тұрсынхан Дархан ІІ орын,9-сынып оқушысы Алимбаев Ерасыл ІІ орын, биология пәнінен 10-сынып оқушысы Калипанова Мадина ІІІ орын, Адамов Асыл химия пәні бойынша құрмет грамотасы, 10- сынып оқушылары Үмбетбаева Нұргүл және Қуандықова Ханзада биология пәні бойынша құрмет грамоталарын,8-сынып оқушысы Бисерік Алмас, 9- сынып оқушысы Сатылханов Темірлан математика пәні бойынша құрмет грамоталарын иеленді.
Біз тәжірибелі ұстаздар тәрбиелеген шәкірттердің талай асуды алып, әлі де биік шыңдардан көріне береріне сеніміміз мол.



Қаралым: 4673
Жарияланған: 13 Мамыр