Жаңалықтар

Ел қуанышына ортақпыз


Назарбаев Зияткерлік мектептері ұжымы Елбасымыздың сайлаудағы жарқын жеңісіне шын жүректен қуанады! Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақтастық пен татулықтың асқан үлгісін көрсетті. Еркін еліміз болашағы үшін тамаша таңдау жасады. Халқымызды талқысы мол қиындықтан алып шыққан, жарқын болашаққа бастайтын тарих таңдауы болды. Елбасының жеңісі – асылын танып, ардақтай білетін, ерін демеп, қолдай білетін дана елдің де ерен жеңісі!
Ұжым педагогтері замануи, қарқынды, әлеуметті Қазақстанның болашағын бірлесе құру мүмкіндігінің болғанына қуанышты. Қазақстан халқының дамыған елдермен иық тіресіп, озық ұлт өкілдерімен терезесі теңелгенін әрбір қазақстандық Елбасының көрегендікпен жүргізген сара саясатының арқасында келген бақ деп біледі.
Президентімізге мемлекетімізді гүлдендіру жолында табыстар мен мықты денсаулық тілейміз! Шын жүректен шыққан және шынайы ықыласқа толы құттықтауымыз бен көп қырлы қызметіне жаңа табыстар тілейміз!



Қаралым: 4906
Жарияланған: 11 Сәуір