Жаңалықтар

Тәрбие мен оқытудың сабақтастығы

«Қазақстан тарихы» пәнінің басты ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, бірінші мақсат – Қазақстан тарихын процесс тұрғысында, атап айтқанда, осы территорияда орын алған тарихи процестердің бірізділігі мен біртұтастығын сақтап, спиралдық даму негізінде біртұтас тарихи фактілерді қабылдайтын әлем картасын оқушыға игерту болды.
20 Қараша

НЗМ құрамасы Президенттік олимпиаданың жеті медалін тағып қайтты

Теміртауда өткен Президенттік олимпиада финалында НЗМ оқушылары бірден жеті медаль тағып қайтты. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден сайысқа түскен дарындылар жеңіс қоржынын 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен толықтырды.
18 Қараша

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы пластиктен кірпіш жасады

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ермек Кеңесов химияны меңгеру барысында құрылысқа қажет кірпіштің жаңа сұртын ойлап тапты.
16 Қараша

Қазақстандық IB мұғалімдерінің STEM жобалары еуропалықтарды тәнті етті

Португалия мемлекетінің Кашкайш қаласында «Болашаққа арналған дағдылар» атты білім фестивалі өтті. Ең ауқымды шаралардың бірі саналатын кездесуде әлемнің 36 мектебінен жиналған 450-ден астам мұғалім өздерінің жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялық жобаларын ұсынды.
15 Қараша

Жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS халықаралық аккредитациясын алды

CIS-тің штаб пәтері Нидерландыдан Астанаға Петропавл және Қостанай қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Council of International Schools (Халықаралық мектептер кеңесі) аккредитациясын алғаны жөнінде сүйінші хабар жетті. Бұл екі мектеп аккредиттеу процесін аяқтады, енді барлық жиырма Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары білім стандарттарын CIS мойындауымен растады.
14 Қараша