Жаңалықтар

«Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының ерекшеліктері» облыстық семинар-тренинг


21 сәуір 2015 жылы Кызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының ерекшеліктері» такырыбында облыстық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинар 2015 жылдың наурыз айының 18-19 күндері Кызылорда облысы әкімдігі ұсынысымен Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ортасының трасформациясы» атты Республикалық семинар-кеңесте қабылданған Меморандум аясында жалғасын тапқан тәрбие жүйесіндегі жинақталған тәжірибені тарату болды.

Семинарға қатысушылардың қатарында жалпы білім беретін Кызылорда облысы мен Кызылорда қаласының, оның ішінде Зияткерлік мектепке бекітілген пилоттық және базалық мектептердің директорларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, үйірме жұмыстарының жетекшілері және оқу орталығының әдіскерлері болды, және олар 80 жуық педагог қызметкерлерді құрады.

Ұйымдастыру кезеңінде мектепке келген ұстаздар қауымы мектептің материалды-техниқалық базасымен, сынып қабинеттерімен, үйірме жұмыстарымен және мектеп жатақханасымен, ұйымдастырылған көрмелермен танысып, мектеп туралы жалпы ақпарат алды.

Семинар жалпы сессия және секция жүмыстары бойынша жүмыс істеді. Семинар барысында ұстаздар қауымы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбие жүйесі ерекшеліктерімен, мектепте ынтымақтастық ортаны құрудағы психологиялық қызметінің рөлімен, мектептің ақпараттық – білім беру жүйесіндегі мектеп кітапханасының рөлімен, оқыту мен тәрбие беру интеграциясымен, оқушылар, педагогтар және ата-аналармен психологиялық тренингтер өткізу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі көкейтесті мәселерімен етене танысып, өздері де интерактивті түрде тренингтерге қатысып, тәжірибе алысты. Семинар жұмысын қорытындылау бөлімінде –пікіралысу, талқылау жұмыстары жүріп, кері баланыс орнатылды.

Семинар- тренингке қатысқан Қазалы ауданындағы № 266 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Ысқақова: «Келгенімен өте қуаныштымын. Аз ғана уақыт ішінде көптеген керемет дүниелерді көрдім. Тренингтер, мазмұнды шараларды тамашалап, өзімізге түртіп алдық. Әр бір оқушыға, қызметкерге толық жағдай жасалған мұнда. Еліміздің болашағы – жастарда десек, осы жас жеткіншектердің бойына сапалы білім мен саналы тәрбие, ұлттық патриотизмді ендіру - осы мектепте жақсы жолға қойылған екен. Өте риза болдық. Қызметкерлерге үлкен рахмет. Оқушылардың шығармашылығын шындап, санасына тәрбиемен қатар ұлттық құндылықтарды құйып жатқанына көз жеткіздік», - деп, семинарға оң баға берді. Ал Жалағаш ауданынан келген қатысушы - № 201 мектеп-лицейінің сынып жетекшісі Алтын Жанашева осындай семинарлар алдағы уақытта өз жалғасын тапса деген пікір білдірді. «Бүгінгі семинардан оң әсер алдым. Кіргеннен бастап мектеп қызметкерлері қарапайымдылығы, қонақжайлығы байқалады. Сонымен қатар кураторлардың өткізген тренингтері барысында біз бала мен ұстаз арасындағы байланыстың маңыздылығын көріп, баланы тұлға етіп қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі зор екенін тағы да сезіндік. Бүгін алған барлық мағлұматтарды өз сыныбымда пайдаланамын деп ойлаймын», - деді ол.
Тәжірибе тарату мақсатында ұйымдастырылған бұндай әріптестік бағыттағы семинар-тренингтердің жалпы білім беретін мектептердің ұстаздарына берері мол, және ол жалғасын таппақ, себебі мақсатымыз ортақ: Ел болашағын –өскелең ұрпақты толыққанды, сегіз қырлы – бір сырлы етіп тәрбиелеу мен зияткер етіп қалыптастыру!



Қаралым: 1863
Жарияланған: 24 Сәуір