Жаңалықтар

ТӘЖІРИБЕНІ ТАРАТУ: «Дене шынықтыру» мұғалімдері бағдарламалардың жаңартылған мазмұнын даму үшін ұсынады


Осы жылдың 2 сәуірінде Астана қаласында білім беру мазмұнын жаңартудың оқыту семинары аяқталды. Семинарға еліміздің пилоттық мектептерінің бастауыш сыныптарының 47 дене шынықтыру тәрбиесінің мұғалімі, сондай-ақ Тәжірибені тарату департаменті, Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері, Шымкент және Өскемен қалалары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Семинар бағдарламасында бүгінгі күні еліміздің барлық мұғалімдері мен ата-аналарын алаңдататын – біз балаларымызды қалай оқытамыз, олар дене шынықтыру пәнінде қандай дағдыларға үйренеді, олардың физикалық және психологиялық денсаулығын түсіну және жақсарту үшін білім алушыларды қалай ынталандыру қажет, жалпы адами мәдениетінің бір бөлігі ретінде болашақта дене шынықтыру тәрбиесі түсінігінің оң нысанын қалыптастыру үшін не қажет деген сияқты негізгі мәселелер талқыланды.
Бағдарлама мазмұнының негізгі аспектілерін талқылау барысында мұғалімдер балалар физиологиясының дамуы, оларда салауатты әдеттердің пайда болуы, қалыптасуы, бастауыш мектеп жасындағы дене шынықтыру тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылуы тұрғысынан, пәннің ерекше маңыздылығы барын атап өтті.
Сондай-ақ, олар пәннің командада жұмыс істеу дағдыларын, ынтымақтастық қабілетін, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталғанын атап өтті.
Жоспарланғандай семинар барысында мұғалімдер «Дене шынықтыру тәрбиесі» пәнінің оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен танысты, мастер-класстардың, практикалық жұмыстардың қатысушылары болды, әріптестерінен кері байланыс алды, бірінші рет бағалаудың жаңа жүйесі үрдісінің мүшелері болды.
Пилотты мектептердің мұғалімдері критериалдық бағалау жүйесін түсіну қол жетімді болып табылатын атап өтті, пән бойынша жетістік критерийлерін талқылады, оларға сабақтың мақсатына жету үшін ұсынымдар берілді.
Семинар қорытындысында қатысушылар оларға ерекше қызмет түрлері – әріптестер қолданатын активити ұнағанын, мұғалімдерге арналған дайын орта мерзімді жоспарлардың берілуін, сабақ барысында пәнаралық байланыстар, әріптестермен ынтымақтастықта жұмыс істеуін, алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалануын атап өтті.
Мұғалімдер мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді және бастауыш мектеп бағдарламалары бойынша пән мұғалімдері үшін осындай семинар-тренингтер өткізілудін қалады.
Семинар ұйымдастырушылары «Дене шынықтыру тәрбиесі» пәнінің мұғалімдеріне олардың шын мәнінде маңызды және өте қажетті еңбектерінде табыс тілейді!

 
 


Қаралым: 1150
Жарияланған: 13 Сәуір