Жаңалықтар

Еліміздің 30 пилоттық мектептерінде бастауыш сыныптарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері үшін жаңа бағдарламаларды қолдану бойынша оқыту семинары басталды


2015 жылдың 30 наурызында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру мазмұнын жаңарту жоспарына сәйкес еліміздің 30 пилоттық мектептерінде бастауыш сыныптарының дене шынықтыру пәнінің жаңа бағдарламасын қолдану бойынша мұғалімідерді оқыту семинары басталды. Семинар үстіміздегі жылдың 3 сәуіріне дейін өткізіледі.
Семинарды ұйымдастырушы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» мен «Тәжірибені тарату департаменті» болып табылады.
Семинар барысында дене шынықтыру мұғалімдеріне Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартының жобасын ұсынып, пікір- талас аясында түсініктер беріледі.
Сонымен қатар, мұғалімдер дене шынықтыру пәнінің оқу бағдарламасын және оқу жоспарын зерттеп, танысады.
Білім беру бағдарламалары орталығының қызметкерлері-оқу бағдарламалының авторлары «Дене шынықтыру» сабағында оқыту стратегиялары, бірлескен және белсенді оқыту, оқыту үшін бағалау туралы дәріс берілуде.
Сондай-ақ, Астана қаласындағы халықаралық мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» филиалы базасында «Теориядан тәжірибеге: белсенді оқытуды талдау және оқыту үшін бағалау» тақырыбында шеберлік-сынып сағаттары өткізіледі.
Семинар аясында «Дене шынықтыру» сабағында үштілдік саясатты қолдану мәселесіне көп назар аударылады. Мұғалімдерде пән мақсаты бойынша жетістіктерге жету тәжірибесімен танысу мүмкіндіктері болады.
Осыған орай, сабақты жоспарлау, оны беру жағынан да микро-оқыту процестері жүргізіліп, мұғалімдермен бірге сабақты талдау, өзінара бағалау бойынша кері-байланыстар ұйымдастырылады.
Алдағы уақытта бастауыш мектептің жаңа бағдарламасы бойынша әр пәннің мұғалімдеріне арналған осындай оқыту-семинарларын өткізу жоспарланып отыр.



Қаралым: 1157
Жарияланған: 01 Сәуір