ҚР БҒМ қызметкерлерін оқыту

Орта білім мазмұнын жаңартудағы әлемдік үрдістер


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2014 жылғы 8 мен 9 қыркүйек аралығында қазақстандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Орта білім мазмұнын жаңартудағы әлемдік үрдістер» тақырыбындағы арнайы курсты өткізді. Бұл Педагогикалық шеберлік орталығы базасында олардың біліктілігін арттыруда өткізіліп отырған үшінші кезеңі екендігін айтқан жөн.

Курстың негізгі мақсаты министрлік пен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерінің тәжірибе алмасу, білім берудегі әлемдік үрдістермен, бағалау жүйесі, трилингвальдық білім беру, тәрбие жұмыстары мәселелерімен танысу мақсатындағы біліктілікті арттыру болып табылады. Курс аясында қызметкерлер сондай-ақ көңіл-күй менеджменті мен бұқара алдында сөз сөйлеуге дайындалу технологиясы ұғымдарымен танысты.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы К.Н. Шәмшидинова, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымының орынбасары С.Б. Испусинова сөз сөйледі.

Секциялық отырыстарда білім беруді басқарудағы өзекті мәселелер, куррикулум реформасы, білім беру сапасын бағалау жөніндегі халықаралық зерттеулер нәтижесі, үш тілде білім беруді қолдау тетіктерін жасау және тәрбие жұмысы мен заманауи педагогикадағы басқа да мәселелер талқыланды.

Курс барысында тыңдаушылар мұғалім мен мектеп басшыларының кәсіби дамуы саласында қалыптасқан трендтермен танысты.

Курста серіктестіктер ретінде Кембридждік Халықаралық емтихан кеңесі, Кембридж университетінің Білім беру факультеті, Лондон білім беру институты (Ұлыбритания), СІТО International Ұлттық педагогикалық өлшемдер институты (Голландия), Эстония білім министрлігі қатысып, дәрістер өткізді.

Халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметкерлер тобы белсенді диалог, топтық жұмыс, іскерлік ойындар түріндегі оқыту формасын ұйымдастырды.

Екі апта бойы тыңдаушыларға білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша сарапшылармен пікірталастырып, өзара әріптестік жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндіктер жасалды.


Қаралым: 13092
Жарияланған: 17 Қырқүйек