Тәрбие жұмысы

Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім берудің тәрбиелік компоненті


Зияткерлік мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай кешенді жүйесі құрылған.
Мақсаттары, міндеттері, құндылықтары мен күтілетін нәтижелері анықталған.
Білім беру үдерісінінің құндылықтары «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясымен сәйкестендірілген.
Сондықтан да тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты ерекшелігі құндылықты – бағдарланған білім беру, білім беру мен тәрбиенің бірлігі, білім беру үдерісіне барлық қатысушыларды тарту, айқындылық пен ашықтық, күтілетін нәтижеге бағытталу, қоршаған әлемді тұтас елестетуді қалыптастыру, білім беру үдерісіндегі барлық қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары,ұйымдастыру қағидаттары,тәрбие жұмысын ұйымдастырудың басты тәсілдері жасалды.
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі тәрбие жұмысының негізгі бағыттары:

  • Патриоттық тәрбие;
  • зияткерлік даму;
  • адамгершілік тәрбие;
  • еңбек;
  • түрлі мәдени даму;
  • дене дамуы;
  • көшбасшылық қасиетінің дамуы.

Білім беру үдерісінің тұтастығы сабақта және сабақтан тыс уақыттағы жеке және азаматтық жауапкершілігі үшін білім және дағдыларды, құндылықтарды оқыту арқылы оқушылар тәрбиесіне құндылықты – бағдарланған білім беру көмегімен жүзеге асырылады. Аса өнегелі тұлғаны тәрбиелеу бірінші кезекте білім беру бағдарламалары мен академиялық пәндердің тәрбиелік әлеуеті арқылы іске асады.
Кіріктірілген білім беру бағдарламаларында білім беру үдерісінің тұтас қағидаттары негізінде тәрбиенің қолдаушысы білім беру ортасында тәрбиелеу құрамдас бөлігі күшейтілген. Мұғалім ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларында оқытуды құндылықтарға және соған сай күтілетін нәтижеге бағыттап құрады.
Оқыту арқылы, сабақ арқылы тәрбиелеуге баса назар аударылады. Бұл тәрбие мен оқыту бірлігі, яғни екінші ерекшелігі.
Зияткерлік мектептердегі тәрбие жұмысының келесі ерекшелігі- оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары және қосымша білім беру арқылы түрлі бағытта білім және дағдыларын дамыту. Оқушылардың шығармашылық, физикалық және зияткерлік дамуы үшін оқушыларға үйірмелер мен қызығушылығын арттыратын сабақтар (спорт, көркемөнер, зияткерлік, техникалық), жаратылыстану – математикалық бағыт аясындағы ғылыми – зерттеу, білім беру ұйымдары негізінде еліміздегі және шетелдердегі сыныптан тыс және элективті курстар ұсынылады.
Табысты тәрбие жұмысының негізгі шарты оқу – тәрбие үдерісіне Зияткерлік мектептің барлық қызметкерлерінің қатысуы және мектептің ата – аналарымен ынтымақтастығы болып табылады.
Тәрбие жұмысының маңызды ерекшелігі: тәрбиенің үшбірлігі - қоғам – отбасы – Зияткерлік мектептер.
Тәрбие жұмысының негізгі міндеті оқушыларда танымдық, жалпы адамгершілік, ұлттық (намыс, адамгершілік, тәртіптілік, сыйластық) сияқты құндылықтар мен өз әрекеті үшін жауапкершілікті түсіну және қолдану, өмірдің мәнін түсіну, өзіндік «Мен» ұғымын басқа адамдармен байланыстыру қажеттілігі мен іскерліктерін, дағдыларын өмірде қолдануды қалыптастыру болып табылады.
Оқушыларды адамдарға жаны ашу сияқты эмоциялық жағдайларға, әлеуметтік оқиғаларға, қазақстандық және әлемдік қоғамның өміріне, зерттеушілік- шығармашылық әрекетке, өмірде тұлғаның өзін- өзі танытуы мен өзін- өзі дамыту тәсілдері ретінде жергілікті бірлестіктердің іс- әрекетін жақсарту үшін белсенділік танытуға тарту.
Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы толығымен әлеуметтік жобалар мен акцияларды жүзеге асыруға құрылған:
«Туған елге тағзым»,«Оқушыларға оқу үшін ұсынылатын 100 кітап» жобалары, «Білімнің көзі - кітапта» Book crossing акциясы, «Ата- ананың жұмыс орнындағы 10 күн», «2 апта ауылда», «Ата- ананың жұмыс орнындағы 1 күн» әлеуметтік практикалары, «Қоғамға қызмет» бағдарламасы, «Қазақ әндері» шығармашылық жобасы, «Шаңырақ» мектеп қауымдастықтары, жазғы мектеп және элективті курстар.
Әлеуметтік жобалардан басқа тәжірибеде оқушылардың өзін- өзі басқару сияқты өз бетімен жасалатын жобалар, қызығушылық бойынша клубтар «таратуға тұрарлық идеялар» форматындағы «TEDх NIS» клубы, «Wikipedia», 3D модельдеу, халықтық қолөнер кәсібі, гитарада ойнауға, брэйк билеріне құмартушылар, кино, кітап құмарлар, блогерлер, сондай- ақ спорттың командалық түрлері (тоғызқұмалақ, арқантарту, кіші-футбол, волейбол, шахмат, баскетбол, қол добы, үстел теннисі) бойынша желілік Спартакиадалар, әртүрлі бағыттағы (сахналық мюзикл, артфото, сурет өнері, «100 кітап» жобасындағы көркем шығармалар бойынша графика, ең үздік қолөнер т.б.) Арт-фестивальдер.
 

 
 
 
 

Қаралым: 6426
Жарияланған: 27 Сәуір