Тәрбие жұмысы

Оқушылар қауымдастығы


«Шаңырақ»  оқушылар қауымдастығы

«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы оқушылардың дербестігін, ұйымдастырушылық  дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал  ететін оқушылардың өзін-өзі басқаруы болып табылады. 

Мақсаты - қоғамдық маңызды құндылықтарды қалыптастыру, белсенділікті жетілдіру, кішілерге үлкендердің қамқорлығы, көшбасшылық қасиет, әлеуметтік жобалар мен тәжірибені бірлесіп орындау, сындарлы бәсекелестікті үйрену, жасаралық құрмет пен қарым-қатынас, бір-біріне көмек пен қайырымдылық, оқушыларды қоғамға пайдалы еңбекке тарту.

«Шаңыраққа» оқыту тілі, жас ерекшеліктері әр түрлі екі сыныптар бірігеді. Жыл бойы патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында, отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие, салауатты өмір салтын насихаттау, қауымдастық арасында әр түрлі сайыстар мен  жарыстар (интеллектуалды, мәдени және спорттық) арқылы командалық жұмыс дағдысын қалыптастыру, қатысқандары мен жеңістері үшін ұпайлар белгіленіп, жинақталады. Сонымен бірге оқушылардың үлгерімі, мінез-құлқы мен тәртібі, үлкендерге, бір-біріне деген көмегі, әлеуметтік және тәжірибелік жобаларға қатысуы есепке алынады.

Ең жоғары деңгейдегі ұпай жинаған «Шаңырақ» қауымдастығы оқу жылының соңында «Өркен» жүлдесімен және «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу  экспедициясы сапарымен марапатталады.

 «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы

Бұл жазғы жоба.  Экспедицияға қатысушылар  өз аймақтарында алдын ала зерттеу бағдарын  құрып, бір-бірімен алмасады:, зерттеулердің тақырыптарымен танысу, дайындық пен анықтау жүргізеді. Зерттеу нысаны тарих, экология, экология, өсімдік әлемі, жануарлар дүниесі, индустрия, этнография және аймақтың мәдениеті болып табылады. Оқушылар экспедицияда өздерінің зерттеу тақырыптарын кеңейту үшін бақылаулар жүргізеді, мамандар мен байырғы тұрғындардан сұхбат алады, халықпен сауалнама өткізеді, табиғи материалдардан бақ жасайды, құстардың дауысын жазып алады, сирек кездесетін мұрағат материалдарымен танысады.

Экспедиция екі бағытта ұйымдастырылған: танымдық және ғылыми-зерттеушілік. 3 жылда Зияткерлік мектептердің оқушылары аталған экспедиция шеңберінде  322 тарихи, географиялық, мәдени- индустриялық нысандарда болды, оның 50-і мемлекеттік мұражайлар; 153-і мемлекеттік-тарихи маңызды нысандар; 15-і – «Мәдени мұралар»  мемлекеттік жобасының  тізіміндегі Қазақстандық мәдени ескерткіштер,  3 –і  ЮНЕСКО тізіміндегі Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері; 10 жоғарғы оқу орындары;                          28  ғылыми –зерттеу зертханалары; 20 индустриалдық нысандар; 15 кітапхана; 10 облыстық мұрағат.

«Зияткерлік мектеп оқушысының оқуға тиісті 100 кітабы»

       Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев  тұрақталған  мемлекеттің  саяси курсы «Қазақстан - 2050» Стратегиясы»: Қазақстан халқына  Жолдауында   «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт  болуымыз керек» деп атап өткен. Бүгінгі  таңда  жаппай сауатты болу жеткіліксіз. Біздің балалардың,  жалпы жеткіншектердің функционалды  сауаттылығына зор көңіл бөлу керек. Біздің балаларымыз  жаңа өмірге бейімделуі  үшін  бұл маңызды».

      Үш тілді, өз халқымыздың тарихын, мәдениетін  оқытуды қолдау    және  өзгенің мәдениетіне  шыдамдылықпен  қарауды  тәрбиелеу   барысында

Назарбаев Зияткерлік  мектептерінің  оқушыларына  казақ, орыс, ағылшын  тілдерінде  «100 кітап» жобасы дайындалды.

        Мектептің әдістемелік бірлестіктерімен  бағдарлама құрастырушылар  және оқу бағдарламалар  Орталығы  мамандары кітаптардың тізімдерін  құрастырды  (қазақ әдебиеті -60%, ресей және әлем әдебиеті-40%)

Әдебиет  тізімі  келесі өлшемдерге  сүйене іріктелді:

-         әр жанрдағы үздік классикалық әдебиет, қазіргі заман оқушыларының қызығушылығына, жас ерекшеліктеріне сай (проза, поэзия, романтикалық және балалар әдебиеті, фантастика, детективтер, тарихи және автобиографиялық шығармалар). 

-         оқушылардың  ел, әлем туралы  білу, ойлауына мүмкіндік беру үшін; өз елі және әлем үшін толғанып қызмет ететін және қоғамның дамуына үлес қосу барысына атсалысатын болғандықтан,  ұсынылған шығармалардың  негізгі ойы  сындарлы отаншылдық  болуы тиіс.

-         шығармалардың  күрделілігі, көлемі  ( түсінуі, тіл  құрылымы, мәтіндерді  қабылдауы және т.б)  тіл құзыреттілік  деңгейіне сай болуы тиіс.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  бірге  дыбыс жазу студиясымен Зияткерлік мектеп оқушыларына  аудио хрестоматиясы жазылды. Аталған жоба аясында алғашқы  аудио хрестоматия топтамалары  жалпы білім беретін мектептерге сабақтан тыс  жұмыстарында қолдану үшін сыйға тапсырылды.

Сонымен қатар мектеп оқушылары «iBooks Author» бағдарламасының көмегімен шығармалар бойынша  өз суреттерімен иллюстрациялар дайындап, электрондық кітаптар  құрастырды.

«Wikipedia» клубы

          «Wikipedia» әлемдік интернет-брендтердің алғашқы ондығына енетін жалғыз коммерциялық емес Интернет-ресурс болып табылады. Бұл әлемдік жүйенің күшін танытатын әлеуметтік алаң ретіндегі бірінші интеллектуалды жоба. Бүгінгі таңда «Wikipedia» 287 тілде жұмыс жасап және  28 миллионнан аса мақалаларды құрайды. 4 миллионнан аса жарияланымдар  ағылшын тілінде берілген.

          Барлық Зияткерлік мектептерде «Wikipedia» клубтары құрылып  жұмыс жасауда. Бұл жоба академиялық шыншылдық қағидаттарына сәйкес оқушылардың ақпаратты іздеу, аударма жасау, жазу, мақалаларды өңдеулерін үш тілде жүзеге асыратын жауапкершілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар «Wikipedia» сайтында жеке дербес бет құрайды және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қазақстандық сегментте өңдейтін мақалалар жазады. Осы жоба негізінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Wikipedia  онлайн энциклопедиясында  5000 мыңдай мақала жазылды. Бүгінгі таңда «Алтын қалам» номинациясының жүлдегері  ретінде Қазақстанда  8 адам бар,  оның ішіндегі екеуі Назарбаев Зияткерлік мектептерінен – Аудеков Габдулгани және Сабит Алинұр деген оқушылар. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары мен педагогтары модерациядан өтіп (200 күрделі сөз қолданып 100 мақаладан артық жазған) және Wikimedia Foundation- тан екі жыл қатарынан шақырту алғып, жыл сайын өтетін  «Wikimania,  «Wikimania-2014» халықаралық конференция жұмысына қатысады. Жаһандық wiki-конференция 100 елдің қатысуымен  өтетін «Wikipedia» жобасының бастамашыларының және 1 мыңнан аса ғалым- эксперттерді біріктіреді. 

 «TEDх NIS» «таратуға тұрарлық идеялар» форматындағы Клуб

          Зияткерлік мектептерде «TEDx NIS»- тің 15 клубы құрылған,  ол оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту үшін, серіктестік қарым- қатынас пен командада жұмыс істеу іскерлігі, ораторлық өнер, әртүрлі көзқарастар мен пікірлерге сыйластық қарым- қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында атақты қоғам қайраткерлерінің, әлемдік танымал ойлаптапқыштар мен ғалымдардың  үш тілдегі лекцияларын қарап, талдау қарастырылған. Біздің оқушыларымыз өз идеяларының тақырыбын анықтап, оны зерттеп, дайындап және оны креативті түрде видео лекция форматында таныстырады. Видео лекция бірнеше деңгейлік модерациядан өтеді, дауыс беру жүзеге асырылады, осыдан соң неғұрлым қызықты таңдалады. Жеңімпаздар бірлестіктің жыл сайын өтетін конференцияларына қатысады.

          «TED» форматта баяндамалар дайындау барысында  оқушылар ғылыми зерттеу негіздерін меңгереді, ораторлық өнер, әртүрлі көзқарастарға сыйластық таныту мен серіктестік қарым- қатынасты дамытады, командада жұмыс істеу іскерлігін, шешілетін мәселелердің мәнін түсіну қабілеттерін және жаңа идеяларды жақтауын дамытады. Барлық  «TEDх NIS» клубтарында  450 оқушы қатысады.

«Қоғамға қызмет  ету» бағдарламасы

Бағдарлама  тұрақтылық негізінде және тікелей түрде  еріктілердің тәжірибесін ұсынады.   Отаншылдық сезімінің азаматтық жауапкершілігін, адамдық сапа, әлеуметтік дағдыларды  қалыптастыру үшін  оқушыларды әлеуметтік жобалар мен тәжірибелерге тарту қарастырылған. Осы арқылы оқушылар сынып жұмысы аясынан тыс шығып, қоғамның әлеуметтік мәселелерімен танысады және оларды шешу барысында өздерінің салмақты үлестерін қосуға мүмкіндік алады. Оқушылар жылына қоғамға қызмет жасауға 10 сағаттан кем болмайтын уақыт мөлшерін арнау керек.

Сонымен қатар мектептердің жиі тәжірибелік шарасы «fundraising» (франдайзинг ) акциясы болып табылады. Мысалға алатын болсақ, Тараз қаласы зияткерлік мектебінде «Өнер» сабағы және үйірмелерде даярланған суреттер, мүсіндер, былғарыдан, қағаздан  жасалған бұйымдар көрсетілген жәрмеңке ұйымдастырылды. 

Орталық алаңда 2 және 5 жастағы екі сәбиі ДЦП диагнозымен  мүгедек атанған тұрмыс жағдайы төмен  Ауғамбаевтар отбасын қолдауға арналған акция өткізілді. Ақшалай көмектен  басқа,  оқушылар кішкентай Бексұлтанға өз қолдарымен жасап, жүруге арналған тренажер сыйға тартты.  Үлкендері Нұрсұлтанға оқушылар мектепте  оқу даярлығына көмек көрсетуде. 

Экологиялық десанттар дәстүрге айналған:  өз қаласында «Туған елге тағзым»  акциясы аясында өзен, көл жағалауларын, саябақтарды тазалау,  ағаш егу және т.б.  «Туған елге тағзым» акциясы аясында елді аралау.

«2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибе

«2 апта ауылда»  - бүгінгі күні бұл біздің оқушыларымыз баға бергендей үздік тәжірибелердің бірі. Оған 2013 жылы- 556, 2014 жылы- одан 5 есе көп 2478 оқушы қатысты.  Ауылдардың шалғайда жатқанына қарамастан, ұлттық құндылықтар,   біздің шалғайымызда ұқыптылықпен мұраға беріліп жатқан бір отбасында тұрып жатқан  үш ұрпақ арасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас жүйесі тәжірибеге қатысушыларға адамдарға қалай қамқор болу үшін, бабалар ұрпақтарын іздеп және оларды мақтан тұтыту бойына сіңірулеріне ықпал етеді.  Осы жайлар туралы ауылдан келген балалардың пікірлері куәландырады.   

«10 күн ата- аналар кәсіпорнында» әлеуметтік тәжірибесі

Еңбексүйгіштік, еңбекке деген құрметті дарыту үшін және келешекте өзіне мамандық таңдауда қандай да бір жұмыстан хабардар болу мақсатында «10 күн ата - аналар кәсіпорнында» тәжірибесі енгізілген.  Бұның ерекшелігі сол тәжірибеден өтіп жатқан  оқушыларда кәсіпорын жұмысшыларының пайдалы әрекеттін еселегін неғұрлым жоғарылататын өнертапқыштық ойлар пайда болады. Бүкіл кезеңде Зияткерлік мектептердің 2848 оқушысы қатысты (2014 жылы жазында- 2365 оқушы). 

«Баланы жұмысқа қабылда» желілік акциясы

Бірінші рет өткізілген бір күндік «Баланы жұмысқа қабылда» желілік акциясы 7-8 сынып оқушылары  арасында ата - аналарының рейтінгісін (абыройын) көтерді.  «Мен ешқашан менің әкем сондай кәсіпкер маман деп ойланбаппын. Оны өзі жұмыс істейтін жиһаз цехында өте құрметтеп  бағалайды екен. Оның кеңестерін жас әріптестері мен клиенттер ұйып тыңдайды екен.  Ол әділ еңбек етеді, тіпті мінез- құлықтары ауыр болып тұрған  адамдарға құрметпен қарайды. Бұл күннен мен өзім үшін алған ең басты тәлім – әділ және жақсы еңбек ету керек, сонда ғана өз отбасыңда, еліңде береке- бірлік болады» - осылай деп 7 сынып оқушысы жазған екен.  

Ата- аналары мен туған - туысқандары еңбек ететін кәсіпорындарға  3000 мыңнан астам оқушы барды,  оның 235-і  аталған тәжірибені  Интеллектуалды мектептер базасында өтті , 500 –і  өз қаласының өндірісінде болды. Одан басқа оқушылар үшін «Кәсіпкерлік» атты зияткерлік ойыны мен «Оқиға болған орыннан репортаж» атты интербелсенді ойыны құрылды.  Төмендегі желілік форумдар дәстүрлі форумдарға айналды: «Әділ мектеп», «Мен- Қазақстанның бөлігімін», «Мен Зияткерлік мектепте оқимын», сонымен қатар, жалпыға міндетті білім беру ауыл мектептеріне арналған

 « Назарбаев Зияткерлік мектептерінен Bookcrossing» акциясы. 15 Зияткерлік мектептер арасында ең алғаш рет желілік спорт және  шығармашылық шаралары ұйымдастырылды.

Желілік шаралар: «Арт-фестиваль», «Спартакиада»

Арт-фестиваль желілік шаралары  Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының жеке тұлғалық құндылықтары мен әлеуметтік-адамдық сапалардың қасиеттерін, олардың шығармашылық қабілеттері арқылы қалыптастырудың мақсаты болып табылады. Арт-фестиваль желілік шаралары  аясында оқушылар Қазақстанның тарихи дамуын мюзиклдер, өнер туындылары, сценографиядағы жаңалықтар, драмалық қойылымдар арқылы көрсетті. 

Жалпы алғанда, Арт-фестиваль желілік шаралары Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 15 Зияткер мектептердің 600-ден астам оқушысы мен 100-дей мұғалімдердің басын біріктірді.

Оқушылардың креативтілігі мен дағдылары арқасында қойылған «Абылайдың аманаты», «Сыр – Алаштың анасы», «Бабалар мұрасы – болашақ мұраты», «Алдар көсе», «Бабалар есімі мәңгі есте сақталады»,  «Қыз Жібек», «Адаспаңдар!», «Перо птицы Самрук», «Шығыс – өнердің өлкесі», «Орал тарих толқынында» , «Желсіз түнде жарық ай...», «Жаса, жайна, Қазақстан!», «Ердің ері - Қобыланды», «Атамекен», «Жаңа әлемдегі Қазақстан» мюзиклдерін тәуелсіз әділ қазылар алқасының мүшелері жоғары бағалады.   

Мюзикл жанрындағы сахналық қойылымдар, «Туған елге тағзым»,                       «2 апта ауылда», «10 күн ата-ананың жұмыс орнында», «Қоғамға қызмет етемін» сияқты  әлеуметтік жобалар мен тәжірибе алу шаралары ,«Ең үздік живопись, графика», «Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» жобалары бойынша түсірілген фотосуреттер, артфото мен халықтың салт-дәстүрін дәріптейтін шаралардың Арт-фестивальде көрініс табуы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстың тұтастығын көрсетеді.

Оқушылар драма және мюзикл арқылы маңызды әлеуметтік дағдыларды меңгереді, атап айтқанда сезімді біртұтас түсіну, оқуға ынталану, шығармашылық және сыни ойлауды дамыту, өзгеге  жанашыр болу секілді әлеуметтік қарым-қатынастарды қалыптастыру, кейіпке ену және қойылымдар арқылы кәсіби имиджді нығайту, өз ойын еркін білдіруді дамыту арқылы  Зияткерлік мектептер арасында достық қарым-қатынасты жолға қою.

Мини-футбол, волейбол, шахмат сияқты командалық спорт түрлері өткен аймақтық NIS Спартакиадасы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының өзара достық қарым-қатынаста болып, келешекте салауатты өмір салтын ұстанып үнемі дене шынықтырумен айналысуға тартады.

«Қазақ әндері» - жаңа жоба.

«Қазақ әндері»жобасының мақсаты:

білімдік – оқушылардың қазақ тілін білу мен түсіну тәжірибесін  жетілдіру;

тәрбиелік – ұлттық музыка мен ұлттық дәстүр негізінде қазақстандық отаншылықты қалыптастыру;

 дамытушылық – оқушылардың музыка мәдениеті мен рухани-адамгершілік деңгейлерін жетілдіруін қалыптастыру. Қазақ тіліндегі 100 ән  ұлттық, жанұялық, жалпыадами құндылықтарды қалыптастырады.

          Бұл жобаны іске асыру үшін жалпы мектеп іс-шараларында  «Шаңырақ» қауымдастықтын 2 сыныптың оқушыларымен әндер орындау мүмкіншілігі, ол әндердің мазмұның түсініп және бірлескен дайындықта, сайыс пен жарысу түрінде жұмыстар жүргізіледі.

Жазғы мектеп және элективті курстар

Жазғы мектеп және элективті курстар оқушылардың эмоционалды тартымдылықта болу мақсатында өткізіледі, жазғы мектеп бағдарламасы оқушыларды академиялық шыншылдыққа тәрбиелеу, зерттеушілік, шығармашылдық дағдыны жетілдіру, тілдік дағдыларын жетілдіру және денсаулықтарын шыңдау мақсатына құрылған.

2014 жылы жазда Зияткерлік мектептерден 5245 және жалпы білім беретін өзге мектептерден 7-8 сыныптардан 880 оқушы қатысты.

 
 

Қаралым: 6613
Жарияланған: 27 Сәуір