Оқыту онлайн курсы

Пресс-релиз


 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы ACADEMIA.kz Педагогикалық шеберліктің виртуалды лабораториясымен бірлесе отырып «Назарбаев Зияткерлік мектептеріне түсу үшін қалай дайындалу керек және өз мүмкіндіктеріңді бағалау» онлайн-курсын жүзеге асырып, іске қосады.

Онлайн-курстың мақсаты – оқушыларды Зияткерлік мектептерге түсу үшін құжат қабылдау шарттары және талаптарымен, тапсырмалардың құрылымы және мазмұнымен, емтиханға дайындалу жолдарымен таныстыру.  

Онлайн-курс аясында математика және сандық сипаттамалар, тілдік пәндер бойынша (қазақ, орыс және ағылшын тілдері) тапсырмалардың үлгілері мен оларды талдау қарастырылады.  

Сонымен қатар онлайн-курс тыңдаушылары 7-сыныптарға оқушыларды конкурстық іріктеудің байқау сынағынан өте алады. Байқау сынағының нәтижесі бойынша оқушыға тапсырманы орындау барысында қиындық туғызған оқу бағдарламасының бөлімдері мен мақсаты көрсетілетін кері байланыс беріледі. 

Осы онлайн-курстан өту үміткерге оқытудың тиімділігін арттыруға, Зияткерлік мектепке түсу үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі. 

Онлайн-курс WWW.ACADEMIA.KZ онлайн платформасында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Онлайн-курс қолданушылары оны кез келген уақытта, кез келген жерде қосып, тыңдай алады. Онлайн-курстың құны – 12 000 теңге. Онлайн-курс төлемақысын төлеу банк картасы арқылы жүзеге асырылады. Транзакция қауіпсіздігі Epay Halyk Bank электрондық төлем жүйесімен кепілдендіріледі.


Қаралым: 3055
Жарияланған: 07 Ақпан