Конкурстық іріктеу қорытындылары

693 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 988 оқушы резервтік тізімге енді

2014 жылғы 22 қаңтарда Вице-министр Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына үміткерлерді іріктеу конкурсының нәтижелері

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды. Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін конкурсқа қатысқан үміткерлер мен олардың ата-аналарының назарына!

Конкурстық іріктеу нәтижелері «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарауына жіберіледі. Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім Комиссия отырысында қабылданады. Комиссия отырысы 2014 жылғы қаңтар айына жоспарланып отыр.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 326 үміткер "Өркен" білім беру грантының иегері атанды

2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.