Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2018 жылғы 10 тамыз күні Білім және ғылым Министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия мүшелері 2018-2019 оқу жылында 7 сыныптан бастап Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім алуға резервтік тізімде тұрған 289 үміткердің құжаттарын қарастырды.

Республикалық комиссия шешімімен 289 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталды.

Грант иегерлерінің тізімі жүктеу


Қаралым: 2054
Жарияланған: 23 Тамыз