Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2017 жылғы 12 маусымда Министр Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия отырысында Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2017-2018 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысы шығарылды.

Қабылдау комиссиялары «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 17 613 үміткерден құжат қабылдап, конкурсқа 17 338 үміткер қатысты. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша «Өркен» грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның қарауына 8 606 үміткер жіберілді.

«Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия қарауына жіберілген үміткерлердің конкурстық іріктеудегі пәндік тесттен алған орташа балдары, максималды балдан минималды балға дейінгі дәрежесі

Республикалық комиссия отырысының нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін 1 820 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегері атанып, 6 786 үміткер келесі оқу жылына жарамды болатын резервтік тізімге бекітілді.

Грант иегерлерінің тізімі жүктеу

Үміткерлердің резевтік тізімі жүктеу

 


Қаралым: 5539
Жарияланған: 16 Маусым