Конкурстық іріктеу қорытындылары

«Өркен» білім беру гранты


2015 жылғы 13 тамызда Министр Саринжипов Аслан Бәкенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

Республикалық комиссия Ақтау, Алматы, Петропавл қалаларындағы химия-биологиялық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 2015-2016 оқу жылына іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды.

Қабылдау комиссиясының нәтижесі бойынша «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 2 919 үміткер құжат тапсырған. Конкурс нәтижесі бойынша 1 494 үміткер шектеулі балды жинаған.

Республикалық комиссия мүшелерінің қарауына шектеулі балл жинаған барлық үміткерлердің құжаттары мен Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен қалаларындағы химия-биологиялық және Ақтөбе, Көкшетау, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8 сыныптарында білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 122 үміткердің құжаттары ұсынылды.

Республикалық комиссия шешімімен 548 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 1 065  үміткер резервтік тізімге енді.

Грант иегерлерін жүктеу

Резервтік тізімін жүктеу

 
 
 
 
 
 

Қаралым: 3422
Жарияланған: 17 Тамыз