Конкурс жөнінде хабарлама

Назарбаев Зияткерлік мектептердің 7 сыныптарына оқушыларды іріктеу конкурсының нәтижелері

Конкурс нәтижелері бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану арқылы оқушылардың жауаптарын статистикалық өңдеу әдісімен алынды. Аталған әдіс барлық халықаралық зерттеулерде қолданылады және тестілеудің нәтижелерін объективті және әділ бағалауды қамтамасыз етеді.

Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7 сыныпта білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жарияланады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2014-2015 оқу жылында 7 сыныпта білім алу үшін оқушыларды іріктеуге конкурс жарияланады.

2014 жылғы 1, 2 наурызда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін құжат тапсырған үміткерлерге конкурстың өту мерзімі мен орындары хабарланады

2014 жылғы 1, 2 наурызда Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында білім алу үшін құжат тапсырған үміткерлерге конкурстың өту мерзімі...

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 7 сынып оқушыларын іріктеуге конкурс жарияланады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Астана, Семей, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Тараз қалаларындағы физика-математикалық бағыттағы, Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне және химия-биологиялық бағыттағы Өскемен, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру гранты негізінде 2014-15 оқу жылында қазақ және орыс тілдерінде білім алатын 7 сынып оқушыларын іріктеуге конкурс жариялайды.

Алматы қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алу үшін конкурсқа қатысқан үміткерлер мен олардың ата-аналарының назарына!

Конкурстық іріктеу нәтижелері «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарауына жіберіледі. Конкурстың соңғы нәтижесі және грант тағайындау жөніндегі шешім Комиссия отырысында қабылданады. Комиссия отырысы 2014 жылғы қаңтар айына жоспарланып отыр.