Конкурс жөнінде хабарлама

Құрметті үміткерлердің ата-аналары!


 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына оқушыларды оқуға қабылдау және ауыстыру Ережесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты Зияткерлік мектептің 7-сынып оқушысын басқа Зияткерлік мектепке ауыстыру жүзеге асырылмайды.

Бос орындар болған жағдайда үміткерлерді оқу жылы ішінде қолданысқа жарамды резервтік тізімнен қабылдау жүзеге асырылады.

Зияткерлік мектептің 8-сынып оқушысының Заңды өкілі Халықаралық Бакалавриаттың Дипломдық Бағдарламасын жүзеге асыратын Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен басқа Зияткерлік мектепке ауыстыру туралы өтінішін маусым айының үшінші онкүндігінен бастап тапсыруына болады.


Қаралым: 533
Жарияланған: 09 Қаңтар