Педагогикалық шеберлік орталығы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы шешімімен үздік отандық және шетелдік тәжірибені таратуды ескере отырып, Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін трансформациялауды көздейтін ел педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері мақұлданды. Осыған байланысты 2011 жылғы 15 маусымда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) құрылымында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) құрылды. Республиканың барлық өңірлерінде 15 филиал жұмыс істейді. 

Педагогикалық шеберлік орталығының миссиясы 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіруге ықпал ететін үздік ұлттық, халықаралық тәжірибені біріктіру арқылы педагог кадрлардың кәсіби дамуының жоғары сапасын қамтамасыз ету. 

Педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің негізгі бағыттары 

– мектепке дейінгі, орта, арнаулы орта және жоғары білім беру жүйесі педагогтерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын әзірлеу; 

– біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыру үшін тренерлерді даярлау; 

– Қазақстан Республикасының педагогтерін офлайн және онлайн форматында оқыту; 

– педагогтерді курстан кейінгі әдістемелік қолдау;    

– тәжірибе алмасу, стратегиялық халықаралық байланыстар мен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында халықаралық білім беру ұйымдарымен серіктестік орнату; 

– мұғалімдердің кәсіби қызметін мониторингтік зерттеу; 

– педагогтердің желілік білім беру қауымдастығын ұйымдастыру; 

– баспа қызметі. 

Педагогикалық шеберлік орталығының жетістігі  

2015 жыл – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының (WALS) мүшесі болды. 

WALS (The World Association of Lesson Studies) (http://walsnet.org/) – Сабақты зерттеудің Халықаралық ұйымы – мектепте оқыту мен оқу сапасын арттыру мақсатында Сабақты зерттеу тәсілін зерттеуді жүргізуге және іс жүзіне асыруға бағытталған. 

WALS-қа мүше болу шеңберінде ПШО жаттықтырушылары Жапония мен Германияның жетекші ғалым-сарапшыларымен бірлесіп халықаралық зерттеулерге қатысады, халықаралық конференцияларда қазақстандық тәжірибені белсенді түрде ұсынады, ел мектептерінде «Қазақстандағы Сабақты зерттеу (Lesson study Kazakhstan)» жобасын жүзеге асырады. 

2016 жылы – Педагогикалық шеберлік орталығы Әдістемелік кітапханасының басылымы Мәскеу Халықаралық кітап көрмесіне қатысып, Алтын медальмен марапатталды (ХШЖК), Мәскеу, Ресей). 

2017 жыл – Педагогикалық шеберлік орталығы Әдістемелік кітапханасының басылымы Франкфурт кітап жәрмеңкесіне қатысып, Алтын медальмен марапатталды (Франкуфурт-на-Майне, Германия). 

2019 жылБілім беру бағдарламаларының Халықаралық сертификатталуы. 

Қазақстан педагогтерінің кәсіби даму жүйесінде алғаш рет ПШО біліктілігін арттыру бағдарламалары сыртқы бағалаудан өтіп, халықаралық сапа стандарттарына сәйкестік сертификаттарын алды (ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтында). 

Халықаралық сарапшылар атап өткендей, ...  ЦПМ бағдарламалары өзінің мазмұны  бойынша тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орталық Азия үшін де бірегей, ал осы бағдарламалар бойынша мұғалімдер мен жетекшілерді оқыту мектеп пен барлық білім беру жүйесінің «бейнесін» өзгертуге үлес қосады».

ДББҰ-ның зияткерлік меншігі болып табылатын біліктілікті арттыру бағдарламаларын халықаралық тану және тренерлердің жоғары кәсіби деңгейі ПШО-ның білім беру қызметтерін халықаралық деңгейде экспорттауға мүмкіндік берді. 

«Түрікменстанда білім беру жүйесіне жәрдемдесу» Еуропалық Одақпен бірлескен жобасы аясында Ашхабад қаласында мектеп және колледж басшылары мен педагогтерін оқыту жүргізілуде. Сондай-ақ Ресей Федерациясының педагогтері (Тольятти, Барнаул, Ханты-Мансийск қалалары) оқытылады.

Қазіргі таңда  Өзбекстан мен Беларусь аумағында мектеп педагогтерін оқыту және білім беру қызметтерін ұсыну бойынша келіссөздер жүргізілуде. 

ПШО және оның филиалдары базасында педагогтердің біліктілігін арттыру бірнеше бағытта жүзеге асырылуда 

– 2012 жылдан бастап мектеп педагогтерін оқыту мен оқытудың әдістемесі мен технологиялары бойынша озық даярлау; 

– 2014 жылдан бастап мектеп басшыларын стратегиялық көшбасшылық және тиімді менеджмент негіздеріне оқыту бойынша; 

– 2015 жылдан бастап бастауыш, негізгі, жоғары мектеп педагогтерін оқыту бойынша орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу; 

– 2016 жылдан бастап мектеп тренерлері мен мектеп үйлестірушілері пулын дайындау арқылы елдің әрбір мектебінің ішкі әлеуетін арттыру бойынша; 

– 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізуге көшу. 

Сондай-ақ ПШО білім беру бөлімдерінің және өңірлердің білім басқармаларының, аудандық/қалалық және облыстық әдістемелік кабинеттердің басшыларын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық академияның қызметкерлерін оқытуды жүргізеді. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Зияткерлік мектептердің тәжірибесін еліміздің білім беру жүйесіне тарату жүзеге асырылуда. 

ПШО тренерлерінің педагогтермен тұрақты және жүйелі жұмысы аудан/қала деңгейінде де, мектеп деңгейінде де әдістемелік қолдаудың тиімді моделін жасауға мүмкіндік берді.  

Үздік жалпы білім беретін мектептер қатарынан әрбір ауданда/қалада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін трансляциялау бойынша алаң болып табылатын жетекші мектептер желісі құрылды (қазіргі уақытта оған елдің 765 мектебі (яғни әрбір 10 мектеп) кіреді). Жетекші мектеп 8-10 басқа аумақтық бекітілген мектептермен үнемі өзара бірлесіп жұмыс жасауда, бұл олардың нақты қажеттіліктері мен сұраныстарына сүйене отырып, жұмыс тәжірибесімен алмасуды сапалы ұйымдастыруға, әріптестерін уақытылы қолдау мен кәсіби дамытуға мүмкіндік береді. 

Біліктілікті арттыру жүйесін мектепке жақындату мақсатында ПШО 4 негізгі бағыт бойынша 32 341 мектеп тренерлерін және үйлестірушіні дайындады: критериалды бағалауды енгізу, оқыту әдістемесі мен технологиялары, зерттеулер, бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша. 

Аталған педагогтер мектеп ішінде әріптестеріне, оқушыларға және олардың ата-аналарына оқыту және оқыту мәселелері бойынша тұрақты кеңес беруді ұйымдастырады, ПШО бағдарламалары бойынша кәсіптік дамудың мектепішілік курстары мен оқыту әдістемелік іс-шаралар өткізіледі. 

Электрондық ресурстар 

· Мектеп педагогтеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуді жүзеге асыруға арналған www.cpm.kz білім беру порталы. 

· Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларын есепке алудың және бақылауға арналған тыңдаушыларды есепке алудың www.cpm.kz электрондық порталы.  

· Біліктілікті арттыру курстарынан оқудан өткен мұғалімдердің, гуманитарлық циклдағы оқу пәндері, математика және жаратылыстанудың ғылыми пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерінің тәжірибесін таратуға арналған www.cpm.kz  электрондық әдістемелік жинақтағышы. 

· Білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және басшыларының біліктілігін арттырудың онлайн-курстарын өткізуге арналған www.sdo.cpm.kz қашықтықтан оқыту порталы. 

· Lesson Study өткізу бойынша қазақстандық педагогтерге тәжірибе алмасу мүмкіндігін беруге арналған www.lessonstudy.kz сайты, әдістемелік ресурстарға, өзекті ақпараттарға қол жеткізу, және мұғалімдердің зерттеуін, олардың тиімді оқыту практикасын жалғастыру әрі дамыту. 


Қаралым: 28601
Жарияланған: 12 Сәуір