Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


                      Абуов Жаңабай,
 «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ,
Білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері 

Баяндама тақырыбы: "Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі"



Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер.
Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат - 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылуы керек.  Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл жетуге болатын мақсат екеніне көзіміз жетеді. Бұған «Қазақстан-2030» даму стратегиясы куә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы  бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады , ел болашағы – ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» - деген болатын Елбасы. ----
Білім берудің мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып, сондай-ақ жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны жасырын емес.
Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ үш тілде білім берудің екі моделін жүзеге асыруда:
Бірінші модель
Мектептегі негізгі оқыту тілін сақтауды (қазақ/орыс тілдері), сонымен қатар пәндік салаларды үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) оқытуды қарастырады.
Қазақ тілінде оқытылатын пәндер:
Қазақстан тарихы (6-10 сынып), География (6-11 сынып), Құқық негіздері (9-сынып), Қазіргі әлемдегі Қазақстан (11-12 сынып)
Орыс тілінде оқытылатын пәндер:
Дүниежүзі тарихы (6-10 сынып), Информатика (1-10 сынып), Дене шынықтыру (1-12 сынып)
Ағылшын тілінде оқытылатын пәндер:
Математика, Химия, Биология, Физика, Экономика, Информатика, Жаһандық перспективалар мен зерттеу (11-12 сынып).

Екінші модель
Мектепке дейінгі деңгейден және бірінші сыныптан бастап қазақ тіліне толық енуді қарастырады.
Тілдік ортаға толық ену – белгілі бір тілді толыққанды үйретуге бағытталған бірден-бір тиімді әдіс болып табылады. Қазіргі күні Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің балабақшасында апробациядан өткізілуде. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, Талдықорған және Көкшетау қалаларындағы НЗМ-нің 1-сыныптарында енгізіле бастайды.
Нұрсұлтан Әбішұлы үштұғырлы тіл саясатының жүзеге асуына аса мән береді. «Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіру факторы. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ағылшын тілі – халықаралық білім кеңістігіне ену тілі» - деген болатын.
Десек те, жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады, - деп елбасы соңғы жолдауында атап өтті.
Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады – деген сөзінен оның ішіндегі жанайқайын ұғынғандаймыз.
«Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас» - деп
 «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» атап өтсе, Мұның көрінісі НЗМ-да енгізілген кіріктірілген білім беру бағдарламасында бар екендігін мақтан тұтамыз. 
Елбасы Қазақстан-2050 Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм туралы ой қозғайды. Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. «Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Сондықтан да өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек.» Осы мақсатта «Қазақстан тарихы» және жаңадан енгізілген «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәндері - оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту,  сонымен қатар қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған моральдық – адами құндылықтарын меңгеруге ұмтылысын тәрбиелеуге бағытталған. Бұл мәселе 1997 жылғы  Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының өзінде ұсынылған болатын. Шынымен де қазіргі қоғаммен оның өткенін байланыстырушы тарихи сана қалыптаспайынша патриотизмді қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да тарихты объективті оқыту және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Сөз соңын ұлт көшбасшысы, Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен аяқтағым келеді.
«Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық сенімдімін.
Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.»
Дана халқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» - деген.
Алдымызғы қойылған жаңа белес – «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген мақсаттар,  бәріміздің бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз нәтижесінде толығымен орындалады деген сенімдемін.

 


Қаралым: 6621
Жарияланған: 28 Желтоқсан