Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


 Рустемова Жайна Жарасқызы 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  «Педагогикалық өлшеулер орталығы»
эксперт, аға менеджері
Баяндама тақырыбы: "Мақсат - айқын, міндет - нақты"

 

Жыл сайын жаңа жылды жаңа Жолдаумен қарсы алу қазақ халқы үшін жақсы дәстүрге айналды. Елбасының Жолдауын барша қазақстандықтар елеңдеп күтіп отыратыны да тосын нәрсе емес. Себебі жаңа Жолдаудан халық жағымды жаңалық, ерекше жақсылық күтеді. Биылғы Жолдау да көпшілікті бей-жай қалдырмай, халықтың көңілінен шыққанына сенімдімін. Жолдаудың ерекшелігі - Елбасының Қазақстанды және әлемді толғандырып отырған он бағытқа айрықша тоқталғаны.  ----
    Өркениетті мемлекеттің басты байлығы - халық, ал оған қамқорлық жасау мемлекет басшылығының басты міндеті болып табылады. Елбасы өз Жолдауында: «Жетінші басымдық - Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуі. Бұл ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту керек», - деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан әрбір ұстаз бен білім беру саласы мамандарының алдында үлкен міндеттер тұр. Мұндай айқын мақсат пен нақты міндеттің жүзеге асуы әрбір ұстаздың қолында. Қазір Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаңашаландыру жағынан болашақ ұрпаққа толыққанды сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалған.
Елбасының өз Жолдауында Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері халықаралық стандарттар негізінде жемісті еңбек етуде деп атап көрсеткені біз үшін үлкен мақтаныш болса, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін барлық қазақстандық білім беру жүйесіне тарату керек дегені мойынымызға үлкен жауапкершілік артады. Бұл сонымен қатар біз бен сіздердің жасап жатқан жұмыстарымыздың бағыты дұрыс екенін көрсете отырып, бойымызда сенімділік ұялатады. Біздегі өтіп жатқан оң өзгерістер, атап айтқанда, өлшемдерге негізделген бағалаудың жаңа жүйесі, қорытынды аттестаттаудың жаңа формалары, білім мониторингін  әлемдік тәжірибелерге сүйеніп өткізіп жатқан қадамдарымыз бағалау жүйесіне деген жаңа көзқарасты айқындайды. Осы міндеттерді жүзеге асыруға «Педагогикалық өлшеулер орталығының» әрбір маманы өз үлесін қосуда. Еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын түсінеміз. Сондықтан біздер еліміздің өркендеуі үшін, отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді болу үшін білім беру жолында аянбай еңбек етуіміз керек.
Біз Елбасымен бірге жарқын болашаққа сенеміз!
 


Қаралым: 3140
Жарияланған: 28 Желтоқсан