Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Д.М.Тұрарбеков
Астана қаласы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Баяндама тақырыбы: Жастарға жасалған жаңа мүмкіндіктер

 

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасының миссиясы бойынша «Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет»,- деп көрсетілген. Елбасы әрқашан өзінің жолдауында, баяндамаларында, сөздерінде жастар саясатына зор мән беріп отырады. Жастар саясатын іске асыру сұрақтары Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Бұл ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың барлығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындауға көмектеседі.
Көрсеткіштерге қол жеткізу үшін: ----
- «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасы аясындағы көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге оқушы жастар тартылды;
- білімді, дағдыларды, қабілет пен кәсіби шеберлігін тұрақты түрде жетілдіруге бағытталған әлеуметтік-маңызды жобалар, сондай-ақ «Жастардың кадрлық резервтері» және «Жастар Отанға» жобалары іске асырылуда;
- соңғы 5 жылда жоғары білім беру жүйесінде оң қортындыларға қол жеткізілді. Қазақстандық жоғары мектеп үш деңгейлі білім беруге (бакалавр-магистр-доктор РhD) көшті.
- 2009 жылдан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен Ұлттық кредиттік технологиямен қатар жүргізілетін (ECTS) кредиттің европалық трансферт жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Халықаралық президенттік «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдерде кадрларды дайындау жүзеге асырылуда;
- «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жас мамандарға жұмыс табуға және бірінші кезекті мұқтаждықтарды шешуде зор үлесін қосуда.
Жоғарыда келтірілген дәлелдер мен дәйектер Қазақстан Республикасында жастар саясатының маңыздылығын көрсетіп, қоғамда жастардың орны мен рөлін айқындап береді.

 

 


Қаралым: 3286
Жарияланған: 28 Желтоқсан