Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


                                       

Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Ахметова Сәуле Рамазанқызы
 Баяндама тақырыбы:
«Ел дамуының ұлы жарқын қадамы»


  Реформатор Солон «Ұлы істерде әрқашанда сыншы көп» деп айтқандай  «Қазақстан 2030 » Стратегиялық жоспарға кейбіреулердің күмәнданғаны болды деп, Тұңғыш президент өз баяндамасында айтқан еді. Расында да 15жылда осыншалықты нәтижеге қол жеткізу ешбір қиял  емес, өмір шындығы екендігіне бүгінгі күні көз жеткізіп отырмыз. Жай ғана бір-екі емес ел табысын 16 есе арттырып, әлеуметтік бағытта мол табысқа кенелу- өркениетті елдердің ғана қолынан келер іс. Соның нәтижесінде  ІЖӨ бойынша 2012 жылы 50 елдің қатарына кіруіміз Стратегиялық жоспардың өміршеңдігіне тағы бір дәлел болып табылады. Дамудың қазақстандық үлгісін қалыптастыра отырып,беделі биік, абыройы жоғары қуатты елге айналды.  ----
       Еліміздің әлемдік деңгейде танымал болуы мен әлемдегі серпінді дамушы бестік құрамынан орын алуы  алған бағытымыздың дұрыстығын айқындай түседі. Бүгінгі күні Елбасшы қабылдап отырған жаңа Стратегия «Қазақстан 2030» жоспардың заңды жалғасы. Еліміздің 2050 жылға дейін әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекет қатарына ену бағытымен қатар, ұлттық саяси даму стратегиясын белгілеп беріп, осы уақыттың ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдық бағыты айқындалды. Сонымен қатар «Қазақстан 2050» жаңа стратегиялық саяси  даму жобасында  ХХІ ғасырдағы  жаңа глобалды жағдайлардан  туындап отырған  он сын қатерге терең талдау жасалды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үлкен сенім артып отыр. Ол сенімнің негізі-  еліміздегі мол ресурстар,халықтың білімі мен ұлттардың бірлігі деп атап көрсетті.
       Стратегияда анықталған  бағыттардың ішінде заманауи технологияны меңгерген кадрларды даярлау, жастарға сапалы білім беру ең басымды бағыт болып табылады.Ертеңгі кәсіби маман бүгінгі мектеп оқушысы екендігі баршамызға мәлім. Олай болса Елбасшының «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»  деген сөзі білім саласындағы қызметкерлерге үлкен міндеттер жүктейді.

     Президенттің педагогтарға сенімімен қатар қамқорлығы да мол. Себебі,  Елбасшы қазақстандық , әсіресе, зияткерлік мектептердің мұғалімдерінің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарастардың қалыптасуы мен оң өзгерістер енгізуіне жан - жақты  мүмкіндіктер жасауда. Президент Стратегиялық жобада «Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді,шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деген сөзі бүгінгі күні жүзеге асырылуда деп сеніммен айта аламын. Өзім еңбек етіп отырған Зияткелік Халықаралық Бакалавриат мектебі кандидаттық атаққа ие болып, шетелдік ең үздік тәжірибесін молынан енгізуге қол жеткізіп отыр.  Елімізде сапалы білім берудің ауқымды жобасын жүзеге асырушылардың ішінде біздің мектебіміздің де бар екендігін қуанышпен айта отырып, «Қазақстан 2050» жобасының мерзімінен бұрын орындалатынына сенімім мол.
 

 


Қаралым: 3203
Жарияланған: 28 Желтоқсан