Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Гүлнар Саинова,
Семей қаласындағы
физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Елбасымыздың биылғы Жолдауында да Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі мәселелері де кеңінен қамтылған. Оның ішінде Елбасымыз дамыған елу елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбек, білімге құштарлығы екендігін баса айтты. Жолдауда білім жүйесін жаңарту бойынша   нақты мін¬деттер қойылған. Оқу жастарға тек білім беріп  қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйрету тиіс делінген. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық  келісім   мен толеранттылық, тәннің де жанның да дамуы,  заңға мойынұсынушылық. Жолдама айқын бағдар жарқын болашаққа нағыз халыққа қамқор, халықтың мүддесін орындауға бағдар беретін, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.  ----
Президент халықты батыл қадамға шақырып, биік мақсаттарды жетуге жол көрсетіп отыр. Еліміз дамуының негізгі мәселелерін қамтыған бұл маңызды құжатта Мемлекет Басшысы алда тұрған ауқымды міндеттерді анықтап, ішкі және сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарларды белгілейді. Елбасының ең бірінші қойған мәселесі – 2011 жылы қабылданған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын кең көлемде іске асыру. Былтырғы жылы бұл бағдарламаға 60 мыңдай адам қатысса, 2020 жылы бір жарым миллион адам қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, алда тұрған ауқымды міндеттерді анықтап, ішкі және сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарларды белгіледі. Ұлт Көшбасшысы инновациялық-индустриялық даму бағдарламасының елеулі үлес бере бастағанын, ең бастысы экономиканың өсімі терең құрылымдарға бастау болғанын жан-жақты көрсетіп берді. Білім саласындағы  жаңашыл  бастауларға  Елбасы айтқандай  тың серпіліспен  алға  ұмтылып, жол ашамыз.


Қаралым: 1665
Жарияланған: 04 Ақпан