Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Мадина Сазанбаева,
Семей қаласындағы
физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
11 сынып оқушысы


Елбасының Жолдауын оқып  отырып, патриоттық рухқа толы сөздерін естіп, менің жүрегімді зор мақтаныш кернеді. Елбасымыз Тәуелсіздіктің өткенін қорытындылай келе, елімізде 20 жыл ішінде болған елеулі өзгерістер мен жоғары дәрежелі жетістіктерді, қаншама биік белестерді бағындырғанымызды атап өтті. Талай заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарымызды атамекенге жинауды басты мақсат еткен Елбасымыздың сөзінде: «800 мыңнан астам отандастарымыздың елге келіп, халық саны бір жарым миллионға артты»-деп атап көрсетті.Өзінің Жолдауындағы  президентіміз «біздің елімізде көп ұлтты халық тату-тәтті тұрады» деген сөзі жанға жылы тиді, себебі,  Зияткерлік мектебімізде әр түрлі ұлт өкілдерінің арманы, мақсаты бір, бәріміз де Қазақстанның көркеюіне өз  үлесімізді қоссақ деген арманым бар.  ---- Тағы бір қуантатын жағдай-медицина мен білімге бөлінетін қаржының 10 есе артуы туралы ,мектептердің қарқынды салынуы, біздің мектеп сияқты зияткерлік мектептер санының  жыл сайын көбеюі, заман талабына сай жабдықталуы, білім саласына деген үлкен қамқорлық деп білемін.Себебі,  білімге салынған қаржы-елдің болашағына қосқан үлес деп білемін.   Елбасымыздың ең басты үш ұстанымыздың бірі-тілдерді дамыту. Шынымен де қазіргі заманда мемлекеттік тілге деген көзқарас өзгерді, қазақ тілінде сөйлеушілер саны өсіп келеді. Президентіміз 2020 жылға қарай қазақ тілінде сөйлеушілер саны 95пайызға жетеді деген болжауы бізді зор үміттендіреді. Біз Елбасымен бірге жарқын болашаққа сенеміз.
 


Қаралым: 1660
Жарияланған: 04 Ақпан