Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Раушан СЫЗДЫКОВА,
Кокшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі

 

Елбасының бүгінгі Халыққа Жолдауы біздің  болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы іспетті. Мұның өзі бұрыннан бері дәстүрге айналып келе жатқан игі жақсылық. Сондықтан да, оны біз бар ынта-ықыласымызбен тыңдап, қызу қолдап отырмыз. Ел келешегінің айқын айнасы ретінде қабылдап отырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында  мемлекет тарапынан қабылданған экономиканы индустриализациялау, білім беру мен денсаулық сақтауды жаңғырту, қазақстандықтардың әл-ауқаты деңгейін арттырудың мемлекеттік бағдарламалары одан әрі жалғасатындығын атап өтті. ----
Қазіргі уақытта Елбасының тікелей назарында  тұрған аса маңызды мәселелердің бірі – еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуы болып табылады. Бұл дегеніңіз – барлық салада жаңаны енгізу, үздіксіз жаңғырту, жаңаша бастау деген сөз. Бұл жүйенің басты қозғаушы  күші ғылым мен білімнің жаңалықтарының жедел жүзеге асуына байланысты. Ал ,оны жүзеге асыратын адамның ерекше білікті, білімді болуы қажет. Бұл мәселе, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бірден-бір айқын бағдары болуы тиіс  деген ойдамын. Президент білім берудің қолжетімді болуына, түлектердің біліктілігіне тәуелсіз баға беретін жүйе құру, білім берудің тәрбиелік жағын күшейтуге назар аударады.  Президенттің ойынша, Қазақстанның этносаралық келісімді, діни толеранттылықты, көптілділікті сақтаудағы бірегей тәжірибесі білім берудің барлық деңгейлерінде енгізіліп, оқытылуы қажет. Бұл озық білімді, адамгершілік қасиеті жоғары, озық ойлы қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудың негізіне айналады. Біз, Еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын түсінеміз. Сондықтан біздер еліміз өркендеуі үшін, отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді  болуы үшін ,білім жолында аянбай еңбек етуіміз қажет. Біздің мектебіміз  Елбасы Жолдауын қызу қолдаймыз!


Қаралым: 1475
Жарияланған: 04 Ақпан