Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Асулан Какенов,
Семей қаласындағы физика–математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
мұғалімі


Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын барша  қазақстандықтар тағатсыздана күтеді. Биылғы Жолдау «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  деп аталыпты. Елбасы Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл- ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін атай келе, халыққа он бағыт бойынша аталған міндеттерді жүзеге асыруға міндеттілігін баса айтты. Олар тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелерін шешу, мемлекеттік тілді дамыту, шағын қалалар мен ауыл шаруашылығын дамыту сынды проблемаларды ерекше атап көретті. «Қазақстанның болашағы – білімді жастар» - десек ,сол жастарға білім беретін білім ошақтарындағы кадрлардың біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа үлгілерін дамыту арқылы ғана сапалы білім мен дамудың алғышарттарын жетілдіруекендігі бәрімізге аян. ----
Елбасы Қазақстанның әлеуетін арттыру үшін өңірлерді дамыту керек екенін атап өтті. Ол үшін жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Елбасының бастамасымен кейінгі жылдары индустриялық-инновациялық даму жоспары сәтті жүзеге асуда. Осы бағдарлама аясындағы жоспарлардың әлеуметтік мәні зор деген сенімдемін. Сондықтан Қазақстан халқы үшін Жолдаудың мәні зор деп санаймын.


Қаралым: 1136
Жарияланған: 04 Ақпан