Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


                                                                          Ақбота Жайсаңбаева,
Семей қаласындағы физика-математикалық
 бағыттағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің
  қазақ  тілі мен әдебиеті  мұғалімі


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауын барша қазақстандықтар елеңдеп күтіп отыратыны жасырын емес. Өйткені, жаңа Жолдаудан халық жаңалық, жақсылық күтеді. Биылғы Жолдау да қарапайым көпшілікті бей-жай қалдырмай, халықтың  көңілінен шықты деп есептеймін. Өз Жолдауында Елбасымыз Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың аса маңызды 10 бағытын (қазақстандықтарды жұмыспен қамту; қолжетімді баспана; өңірлерді дамыту; халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру; кадрлар әлеуетін жақсарту; сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту; Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі; зейнетақы жүйесін жетілдіру; индустриялық-инновациялық жобалар; ауыл шаруашылығын дамыту) айқындап қана қоймай, олардың түпкілікті жүзеге асуына байланысты жүргізілетін іс-шаралар жоспарларын  да нақты көрсете білді.  ----
Осындай Елбасымыздың сарабдал  саясаттың нәтижесінде бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанды бүкіл дүние жүзі біледі және де өзге елдер Қазақстанмен ынтымақтастықта, ықпалдастықта , тығыз қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Жолдау – жаңа кезең бастауы: жаңа  жоспарлар, жаңа міндеттер, жаңа жетістіктерге ұмтылыс. Қазақстанның ертеңі – жас ұрпақтың қолында. Ал ел жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса,  сол елдің еңсесі де биік, болашағы  жарқын болады. Қазақстанның тұрақты дамуы –  жастардың ұлттық рухында. Мемлекеттік саясатта халқымыздың үштен бір бөлігін құрайтын жас қазақстандықтарды қолдау және қорғау шараларының нақты жүзеге асырылуын күнделікті өмірден көріп келеміз. Білім беру, жұмыспен  және баспанамен қамту мәселелеріне қатысты айтылған Елбасының ұсыныстарына халықтың, соның ішінде, жастардың  қызығушылығы мол. Жолдаудағы мына бағыттарды  атап  өткім  келеді: қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуы, қолжетімді тұрғын үй, кадрлар әлеуетін жақсарту. Қазақстан халқы еңбекпен неғұрлым көп қамтылған болса, еліміздің экономикасы соғұрлым мықты болатыны  сөзсіз. Қазақстандықтарды жеке немесе ұзақ мерзімді жалға беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің қуаты мен жетілгендігін көрсетеді. Назарбаев Университетінде пайдаланылатын қазіргі заманғы оқыту әдістемелерін Қазақстандағы жоғары оқу орындарына енгізу білім алушылардың даярлау сапасын ерекше арттырады. Педагогикалық кадрлардың сапасы маңызды рөл атқарады, осыған байланысты ағымдағы жылда сапаны бағалау жүйелерін құру заманға сай және өзекті болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан сенімді нық қадаммен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа бет алды.
Елбасы Жолдауын жақсылық жолы деп түсінемін. Менің ойымша,   Жолдау – болашағымыздың жарқын болуына бастама және осы  бастама әр қазақстандықтың көңілінен шығатындығына  сенімдімін. Елбасының Халыққа жолдауы біздің  болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы тәрізді. Жастар  ел  ертеңіне  сене  отырып, ұлт  көсемі, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  әр  бастамасына  қолдау  танытатындығына сенім  білдіремін.

 


Қаралым: 1627
Жарияланған: 04 Ақпан