Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Арайлым Әлиханова,

Астана қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік Мектебінің

11 «А» сынып оқушысы

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің 2012 жылғы халыққа жолдауында Қазақстан Ресубликасының өткен қоян жылындағы жеткен жетістіктерін атап өтіп, сонымен қатар, келер ұлу жылына дайындалған жоспарлармен қазақстандықтарды таныстыра өтті. Мен өз басым осы жолдауды теледидардан көре отырып,айтарлықтай әсер алдым. Есейгендігімнің белгісі ме, еліміздегі жағдайдың оң-солын түсіне бастағандай болдым. Әрине, бейбіт күніміз үшін біз елбасына алдындағы міндетімді түсіне отырып, алпауыт мемлекеттер арасында таразы басын тең ұстап отырған  Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс білдіремін. Президент 2012 жылғы жолдауда айтуға тұрарлықтай біраз жоспар, бағдарламаларды атап өтті. Соның бірі - «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы. «Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз» - деген елбасының сөздері қай қазаққа болса да сенім ұялататынына күмәнім жоқ. ----

Буыны жаңа бекіп келе жатқан жас Отанымның қазіргі таңдағы ең басты мәселелерінің бірі – тіл. Дегенмен, президентіміз бұны да шешуге уәде берді. Дәлірек айтатын болсақ, 2020 жылда мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жетуі күтіліп отыр. «Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет»,- деді елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы жолдауда есепке алынған барлық оң жоспарлар, бұрын да орындалған бағдарламалар – осының бәрі тәуелсіз мемлекетіміздің байрағын желбірете беретін президенттің салиқалы саясатының жемісі деп ойлаймын.

Сіздің атқарып келе жатқан еңбегіңіздің жастарға берер үлгісі мен мәні зор!


Қаралым: 1464
Жарияланған: 04 Ақпан