Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Думан Кабдығалиев,
Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
тарих пәнінің оқытушысы


Биылғы Елбасының халыққа жолдаған жолдауы 27 қаңтар күні болды. Бұл жолдау өзінің мазмұнымен және де жоспарланған істермен ерекшеленді. Өткен жыл қорытындысын 7,5% экономикалық өсумен аяқтаған Қазақстанға биылғы жылы тағы да сынақтар күтіп тұрғанын айтты. Елбасы бұрын сатылып кеткен кәсіпорындарды қайтарып алғаны жөнінде де сөз қозғады. Кезінде мен  « мынадай жағдайларға байланысты  сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз» деп айтып едім. Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялардың пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз.  ----
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.
Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз. Ғылымды дамыту үшін НУ жаңынан жаңа инновациялық кластер  құрылады. Жаңа жетістіктерді өндіріске енгізу де мақсаттардың бірі болды. Туризм саласы да шет қалмай оған да жөнді көңіл бөлуді табыстады.  Дамыған мемлекеттердің көбі табысты туризмнен түсірері сөзсіз. Жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін «бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасы қабылданғаны мәлім.  Қазақстан 2012 жылы БСҰ-ға мүшелікке қабылданса, нарық та соған байланысты бәсекелестікке дайын болу керек. Ел экономикасы – ауыл шаруашылығынан басталатыны сөзсіз. Сол себепті ауыл шаруашылығына да баса назар аударылып, ауылды көтеру жоспарлары айтылды. Жолдаудың басты тақырыбы әлеуметтік модернизация болғандықтан, осыған байланысты көп ой айтылды. Жолдау соңында елбасы мынандай сөзермен аяқтады: Қадірлі отандастар! Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Оны біз 20 жылдықта айттық. Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді. Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз. Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті. Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз дұрыс деп санаймын. Бұл жолда біз үшін ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы. Дана халқымызда «Игілік басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын! Осы мерейлі белесте баршаңызға мол табыстар тілеймін!


Қаралым: 1409
Жарияланған: 04 Ақпан