Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


                                                                     Назгүл Байбусинова,
Семей қаласындағы физика –математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Қазақстан Кеңестік Республикалар ішінде әлеуметтік экономикалық жағынан алға  шығып, көш бастап отыр. Әлемдік деңгейдегі қуатты мемлекетке айналды. Елбасының бүгінгі Халыққа жолдауы біздің  болашақ өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты бағдарламасы. Мұның өзі бұрыннан бері дәстүрге айналып келе жатқан игі жақсылықтың бастамасы. Біз «Семей қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің» ұжымы Елбасының өз халқына жолдаған жаңа Жолдауын бар ынта-ықыласымызбен тыңдап, қызу қолдап отырмыз. Жолдауды ел келешегінің жарқын болашағы ретінде қабылдап отырмыз. Елбасымыздың алдына қойған  он  бағыты бойынша  үйретуші ел деңгейіне жеткенімізді бүкіл әлем мойындап отыр. Осы бағыттың нәтижесінде Қазақстан Кеңестік Республикалар ішінде әлеуметтік экономикалық жағынан алға шығып, көш бастап отыр.  ---- 
Қазіргі уақытта Елбасының басты назарында  тұрған аса  көкейкесті мәселелердің бірі – еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуы  екені баршамызға аян. Бұл дегеніміз –қай салада болмасын жаңаны енгізу, үздіксіз жаңғырту, жаңаша бастау деген сөз. Яғни, ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника  мен технологияларды және еңбекті жаңаша озық үлгіде ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге батыл түрде енгізу екендігі. Бұл жүйенің басты қозғаушы  күші ғылым мен білімнің жаңалықтарының жедел жүзеге асуына байланысты. Ал оны жүзеге асыратын адамның ерекше біліктілігі, білімділігі талап етіледі. Олай болса,  Елбасымыздың Жодауын өміріміздің  негізгі жолы ретінде ұстана отырып, кәсіптік шеберлікті ұштай отырып, жас ұрпаққа сапалы білім беруді  алға қоямыз. Оқыту үдерісінде  қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды  барынша кеңінен пайдаланамыз. Білім нәрімен сусындап жатқан  жас қырандар елімізді дамыған бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына қосып, жаңа белестерді бағындыратындарына  кәміл сенеміз.  Алдымызға қойған мақсатымызға жетуде Елбасымыздың Жолдауын әрдайым  ұстанамыз.
Еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін айқын түсінеміз. Сондықтан біздер еліміздің  өркендеуі үшін, отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді  болуы үшін білім жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.
 


Қаралым: 1529
Жарияланған: 04 Ақпан