Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Аяулым Мұратова,
Талдықорған қаласындағы физика–математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
11 сынып оқушысы


«Сөздің түзу болуы – сөйлеушіге ғана байланысты емес, тыңдаушыға да байланысты»,-демекші, Елбасының 2012 жылғы Жолдауы барлық Қазақстандықтардың көңілінен шықты деген ойдамын. Қазастанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жаңа ғасырдың үшінші онжылдығына қатысты ой-ұстанымдары еліміздің экономикасының нығаюымен бірге индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз етіп отыр.Дамудың басты бағыттары тек ел халқын ойлантып, жігерлендіріп қойған жоқ, өзіне әлем жұртшылығының да назарын аударды.  ----
Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен  «Елбасы жолдауы – болашақтың бағыты» атты дөңгелек стол төңірегіндегі пікірталас тәлім берер ұстаздар мен мектеп бітірушілердің де талқылауына түсті. Он бағыттың өзіне артқан он жүгі бар. Әсіресе, білім беру ісіне қатысты, «Қолжетімді баспана», бесінші, басқарушылардың білікті саяси табын дайындау, яғни Президенттік кадр жасағын, басқарушы элитаның негізі құралатыны баса айтылған еді. Біздің мектептің бітірушілері болашақта осы қатардан көрінетініне кәміл сенеміз!
«Адамның ең бақытты шағы – осы шақ! Өйткені, өткенді оралта алмайсың, келешекті көре алмайсың, сондықтан нағыз бақытты шақ - осы шақ»,- дегендей, бүгінгі өміріміздің жарқын екеніне баршамыз куәміз. Кешегі күніміз - айқын, бүгінгі күніміз – жарқын, ертеңгі күніміз - нұрлы болсын ағайын!


Қаралым: 1656
Жарияланған: 04 Ақпан