Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


С. Ахметова,
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінің мұғалімі


Жыл сайын берілетін Елбасының Халыққа жолдауында білім беру саласына үлкен мән беріліп келеді.Президент «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы жолдауында Үкіметке, Парламентке, жалпы еліміздің азаматтарына, елімізде болып жатқан жетістіктерге, жүргізіліп жатқан саясатқа, тарихи мәні бар оқиғаларға талдау жасай отырып,еліміздің даму бағытын айқындап берді. Елбасының назарында тұрған аса маңызды мәселелердің бірі – еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуы болып табылады. Бұл жүйенің басты қозғаушы  күші ғылым мен білімнің жаңалықтарының жедел жүзеге асуына байланысты. Бұл аталған міндетті жүзеге асыру үшін  ерекше біліктілік пен білімділік талап етіледі.Бiлiм беру жүйесi- қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түсетіні баршамызға аян. ----
Осыған орай, жолдауда еліміздегі білім беру ісін жетілдіру үшін нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілгендігі көңілге марқау болып, жасалынып жатқан жұмыстарымыздың әлі де болса жетіле түсуі біз үшін міндет болып табылатынын ұстаздар қауымы құптайды. Атап айтатын болсақ, бұл оқыту үдерісіне әлемдік жаңа  технологияларды енгізу, білім беру сапасын жоғарылату, педагогтардың біліктілігін арттыру және мамандардың кәсіби деңгейін дәлелдейтін орталықтар құру. Бүгінгі мектеп алдына қойылған міндет- жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін білім беру мазмұнын, оқыту әдістемесін, білім жетістіктерін бағалау қағидаларын өзгерту және оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай  туғызу. Еліміздің тірегі, мемлекетіміздің беріктігі өзіміздің қолымызда екенін біз, әсіресе, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, айқын түсінеміз. Осыған орай ұстаздардың  кәсіби өсу жеке бағытында пән бойынша жоғары білім көрсеткіштері, тілдік   құзыреттілігі және ақпараттық коммуникациялық технологияларды игеруі айқындалған. Мектеп ұстаздары  жоғары сапалы білім беретін бағдарлама ретінде әлемге танылған Халықаралық Бакалавриат мектептерінің ұстаздарымен тәжірибе алмасып, тығыз қарым-қатынас жасаудамыз.
Елбасы Жолдауын қызу қолдай отырып, еліміздің өркендеуі үшін, отанымыздың болашағы баянды, келешегі кемелді  болуы үшін білім жолында әлі де аянбай еңбек етіп келеміз және жалғасын таба беретін «ұлағатты іс» деп сеніммен айта аламын.


Қаралым: 1563
Жарияланған: 04 Ақпан