Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Салтанат Асанбаева,
 Семей қаласындағы физика–математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


Елбасының кезекті «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының да көңіліне  қуаныш ұялатып, ерекше ықыласпен қарсы алды. Жолдаудың 10 бағытының бірі - білім мен денсаулық саласына арналды. Сондықтан білім саласында жүрген  ұстаз болғандықтан, жолдаудың аса маңызды тұстарына тоқталғым келеді. Елбасымыз айтқандай: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.  ----

Арқаулық педогогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруда талаптар күшейту қажет. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, деп атап көрсетті. Осы айтылған міндеттердің жүзеге асырылуы - барша қазақстандықтар үшін маңызды. Атап айтсақ, білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану міндеттеліп отыр. Сондықтан Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да бұл жолдаудың маңыздылығын түсіне отырып, болашақта педагогтардың білім беру саласында тың ізденіс, қуатты  серпіліс беріп, жаңа деңгейге, жаңаша ойлауға бағыт-бағдар бола алды деп ойлаймын. Біздің қоғамымыздың гүлденуінің басты факторының бірі - интелектуалды ұлт және адам капиталы. Біздің халқымыз ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан рухани тәжірибеге бай. Жолдау осы тәжірибенің алға қарай дамуының ғылыми және әлеуметтік-экономикалық негізделген үлкен бір биік тұсы деп білемін.


Қаралым: 1485
Жарияланған: 04 Ақпан