Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


 Ақерке Оразова,

Кокшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

9 «А» сынып оқушысы

 

2012 жылы 27 қаңтарда еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа кезекті жолдауын аса қызығушылықпен тыңдадым. Онда Қазақстанның дамуы үшін алдымыздағы жылдарда жүзеге асырлатын жұмыстардың мақсаттыры 10 бағытта анықталған. Жолдаудағы он бөлімнің әрбіреуі көлемді және маңызды болып табылады.Соның ішінде «Қазақстанда адами қордың сапалық өсуіне» ерекше көңіл бөлгені қуантарлық жайт. Бұл бөлімде қазіргі таңда халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс жасауда екені.  ----

Жастар үшін мемлекеттік-дербес әріптестік қарым-қатынас арқылы білімнің қолжетімділігін кеңейту, ауылдық жерден келген жастар мен табысы аз отбасылар үшін жолақы мен тұруды субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту керек екені. Білім беру орталықтарында тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оны әлеуметтік бейімделу үрдісінде қолдануға мүмкіндік беру керек екені жете айтылған. Бұл жолдауды толығымен қолдап, болашақта толығымен жүзеге асатынына үлкен сенім артамын. Бұған дейінгі Президентіміздің халыққа жолдаған жолдауларының барлығы жоспар бойынша орындалды деп білемін. 2012жылғы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы қойылған мақсаттар халық тұрғындарының өмірін жақсаруға негізделгендіктен, Елбасымыздың бұл жолдауы ертеңгі күнге сенімділік тудырады.

 

 


Қаралым: 1540
Жарияланған: 04 Ақпан