Президент

Елбасы Жолдауына пікірлер


Айслу Лепесбаева,
Кокшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі


Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені бекіту керектігіне баса назар аударылды. Инновациялық грантарды бөлу арқылы болшағы бар ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бюджеттік шығындарды көбейтудің маңыздылығы атап өтілді. «Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды мемлекеттік қолдау жүйесінің негізін қалайтыны көпшілікке жеткізілді. Отандық ғалымдарды қолдау қажеттігі ескертілді.  ----
Назарбаев Университетінің жанында жаңа технологияларды жасау және оларды табыстауға жағдай жасайтын инновациялық-зияткерлік кластер құрылу керектігі айтылды. Астанада жоғарғы технологиялық кәсіпорындарды құра отырып, оларды Қазақстанның басқа білім беру және ғылыми орталықтарына бұл тәжірибені тарататыны жеткізілді. Осыған арналған заңды негіз бары айтылды. Президенттің бұйрығымен қабылданған «Индустриалды-инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік қолдау туралы» Заң негізінде мемлекет, бизнес және ғылымның қарым-қатынастың инновациялық әлеуетін өсіру керектігі айтылды. Назарбаев Зияткерлік  мектептердің тәжірибесі жалпы білім беретін мектептерге тарату арқылы білім беру сапасын көтеру мен нығайту көзделіп отыр.Назарбаев Университеті аясында инновациялық- зияткерлік кластер құрылатындығы атап өтіледі.  Мектеп пен ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын күшейту, білімін арттырудың интеграциялық орталықтары жұмыс жасау арқылы  ұстаздардың шебергі  шыңдалады.  Жұмысшы жастарға кәсіби білім алуға мүмкіндігі жасалынбақ. Білім беру мекемелерінде адами басты құндылықтарды дамытуға баса назар аударылып отыр. Жолдаудағы  білім беру саласына қатысты барлық мәселелер жүзеге асататынына үміттенеміз.
 


Қаралым: 1488
Жарияланған: 04 Ақпан