Президент

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен оқушылары Президенттің Жолдауы туралы



2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.
- Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.


Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тіке шетел инвестициясы ағынын диверсификациялау болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.
- Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһандық және ішкі қатерлерге жауап табулары маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндетті орындай отырып, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз, - деді Президент.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік саясатқа лайықты қатысушы ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті, еуразиялық интеграция үдерісін нығайту жолын анықтауға белсене қатысуды жалғастыратынын атап өтті.
- Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе. Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндетте жетістікке жету ісіне барынша белсене қатысуға шақырамын! – деді Мемлекет басшысы.

 

Президент Жолдауының толық мәтінін мына жерден қараңыз.


Қаралым: 1495
Жарияланған: 03 Ақпан