Хабарландырулар

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында педагог қызметкерлер үшін екі бөлмелі қызметтік тұрғын үйдегі ауданы 20 ш.м. бір бөлмені алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі


 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2019 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін Нұр-Сұлтан қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 54 үй, 91 пәтер мекен жайында орналасқан екі бөлмелі қызметтік тұрғын үйдегі ауданы 20 ш.м. бір бөлмені алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен  www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы  2019 жылғы 16 маусым күні 18.00 сағатқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21 үй, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 4 бөлме  мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Нұр-Сұлтан қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 21/1, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2019 жылғы 17 маусым күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

 Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1073

                                                   8 (7172) 55 98 01, ішкі  2519

 

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.      Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.      шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.            Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.


Қаралым: 118
Жарияланған: 16 Мамыр