Хабарландырулар

Қызметтік тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдау туралы хабарлама


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы Астана қаласындағы физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылғы 01-наурыздан 31-наурыз аралығында Астана қаласындағы физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін Астана қ., Бөгенбай даңғылы, 54 үй, 71 пәтер мекен жайда орналасқан ауданы 20,7 ш.м.  және 15,9 ш.м. тұрғын бөлмелері бар жалпы ауданы  71,0 ш.м. қызметтік тұрғын үйдегі бөлмелерді бірнеше үміткерлерге алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен  www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы 2017 жылғы 30 - наурыз күні 18.00 сағатқа дейін  Астана қаласы,    31 көшесі, 37 үй, Физикалық-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 4 бөлме  мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, 31-  көше, 37 А үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2017 жылғы 31- наурыз күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

 Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1073;  8 (7172) 55 98 01, ішкі 2519.

 Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.     Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.     Шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.   Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

 Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.

 


Қаралым: 1108
Жарияланған: 28 Ақпан