Хабарландырулар

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі


Хабарландыру

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2016 жылғы 19 қарашадан 18 желтоқсан аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін Астана қаласы, Қ. Рысқұлбеков көшесі, 16 А үй, 144 пәтер мекен жайда орналасқан қызметтік тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.   

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен  www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

 Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы 2016 жылғы 17 желтоқсан күні 18.00 сағатқа дейін Астана қаласы, 31-көше, 35 үй, Назарбаев Зияткерлік мектебі, 7 бөлме  мекен жайы бойынша қабылданады.  

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, 31-  көше, 37 А үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2016 жылғы 18 желтоқсан күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

 Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1073;       8 (7172) 55 80 33, ішкі   2711.

 

Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрайымының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.     Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.      Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы  құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін  анықтама;

8.     Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда  қатысқанын растайтын құжат;

9.      Шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.    Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.

 Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат  бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.

 


Қаралым: 1097
Жарияланған: 17 Қараша