Хабарландырулар

Білім беру ресурстары орталығының педагог қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.


Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы 2016 жылғы 10 наурыз күні 18.00 сағатқа дейін  Астана қаласы, 31- көше, 37 А, Білім беру ресурстары орталығы, 3-қабат, № 307 бөлме мекен жайы бойынша қабылданады.

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, 31-  көше, 37 А, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2016 жылғы 11 наурыз күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 23-57-31

                                                     8 (7172) 23 57 00, 1071

 

Тұрғын үй алуға үміткер тұрғын үй комиссиясына:

Келесі құжаттар тізімімен Тұрғын үй комиссиясының төрағасының атына өтініш:

1.     Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2.     Неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

3.     Кадр қызметімен берілген отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

4.     Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

5.     Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.     Педагогикалық шеберлік дәрежесінің берілуі туралы құжаттың көшірмесі;

7.     Үміткердің жұмыс орны бойынша соңғы 3 жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығымен берілетін үміткердің және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйінің болуы/болмауы туралы анықтама;

8.     Оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу материалдары мен аспаптарды әзірлеу, өңдеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарға қатысуын куәландыратын құжат;

9.      Шетелдік жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілінде білім алуды табысты аяқтағандығын  куәландыратын құжат;

10.      Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттарды  ұсынады.

 Құжаттар қағаз түрінде ұсынылуы, оның бет жағында өтініш беруші туралы ақпарат болуға тиіс (аты-жөні, лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы (филиалдың).


Қаралым: 895
Жарияланған: 10 Ақпан