Хабарландырулар

Көкшету қаласындағы Халықаралық мектебінің педагог қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үй алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Көкшетау қаласындағы филиалында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үй алуға 2015 жылғы 16 қарашадан 2015 жылғы 15 желтоқсанға дейін құжаттар қабылданады.

Қызметтік тұрғын үй алу Ережесі және қызметтік тұрғын үй алуға сұраныс беру үшін қажетті құжат тізімі www.nis.edu.kz  сайтында орналасқан.

Қызметтік тұрғын үй алу үшін өтініш және қажетті құжаттар 2015 жылғы 15 желтоқсанның 18.00-ге дейін «Көкшетау қаласы, Мирзоян көшесі 59 үй, 224 бөлме» мекен жайында қабылданатын болады.

Құжаттар Тұрғын үй комиссиясында қаралуы үшін 2015 жылғы 16 желтоқсанның сағат 18.00-ден кешікпей тұрғын үй комиссия хатшысына «Астана қаласы, 31 көшесі, 37 А, №207 бөлме» мекен жайына жеткізілуі керек.

Анықтама телефондары: 8 716 2 25 31 40 (Кокшетау)

8 (7172) 235700, ішкі №1071 (Астана қаласы) 

Тұрғын үй алуға үміткер тұрғын үй комиссиясына:

Келесі құжаттар тізімімен Тұрғын үй комиссиясының төрағасының атына өтініш:

1. Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

3. Кадр қызметімен берілген отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

4. Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

5. Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6. Педагогикалық шеберлік дәрежесінің берілуі туралы құжаттың көшірмесі;

7. Үміткердің жұмыс орны бойынша соңғы 3 жыл ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығымен берілетін үміткердің және оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйінің болуы/болмауы туралы анықтама;

8. Оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу материалдары мен аспаптарды әзірлеу, өңдеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарға қатысуын куәландыратын құжат;

9. Шетелдік жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілінде білім алуды табысты аяқтағандығын  куәландыратын құжат;

10. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттарды  ұсынады.

Құжаттар қағаз түрінде ұсынылуы, оның бет жағында өтініш беруші туралы ақпарат болуға тиіс (аты-жөні, лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы (филиалдың).


Қаралым: 1223
Жарияланған: 13 Қараша