Басқарма

Басқарма


Испусинова Светлана Багитқызы

Басқарма Төрайымы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің 2019 жылдың 6 сәуірдегі  шешімімен Светлана Испусинова Басқарма Төрайымы болып тағайындалды.

Светлана Бағытқызы Испусинова Зияткерлік мектептер жүйесінде 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымдарында тер төгіп, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап – Басқарма Төрайымының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Светлана Багытқызының барлық кәсіби біліктілігі отандық білім беру жүйесіне арналған. 1978 жылы Гурьев педагогикалық университетін «тарих және қоғамтану» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Тарих, мемлекет негізі мен құқығы пәндерінің мұғалімі, сыныптан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастырушы, Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999 – 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 –2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры, 2007 – 2008 жылдары «СИТ» АҚ Инновациялық технологиялар департаментінің директоры, «Kazsatnet» АҚ Пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 

2000 жылы «Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі» төсбелгісімен, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен,  2004 жылы «Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы «Қазақстан Конститутциясына 20 жыл» медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталған.  


Шилибекова Айдана Сенбекқызы

Басқарма Төрайымының орынбасары 

Шилибекова Айдана Сенбекқызы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша аспирантураны тамамдаған.

Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2014-2015 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Лестер Университетінде  ғылыми тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолын 2002 жылы Тараздағы гуманитарлық-техникалық колледжде информатика пәнінің мұғалімі болып бастап 2003-2015 жылдары Тараз мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а. болып жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да қызмет атқарады.

2016 жылдың сәуір айынан бастап «Педагогикалық өлшеулер орталығы» директорының орынбасары қызметінде болған. 

13 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, 27 ғылыми мақаланың авторы. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 12-ші наурызынан басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Тоқабекова Жамиля Талғатқызы 

Басқарма Төрайымының орынбасары 

Е. Букетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Master of Public Policy) университеті TUFTS, Бостон, АҚШ мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бар.

2017 жылдың маусым айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да жұмыс істейді.

«Қазтехнология» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарушы директоры лауазымдарын атқарды.

1998 жылдан бастап 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау басқармасының республикалық бюджеттік бағдарламаларды бағалау бөлімінің жетекші маманы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бағалау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономика минимтрліктерінде бюджетті жоспарлау департаменттерін басқарды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен марапатталған.



 Жанкеев Азамат Мұхтарұлы

Басқарма Төрайымының орынбасары 

Жанкеев Азамат Мұхтарұлы Қазақ агротехникалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 

ҚР кәсіби бухгалтерлер палатасының мүшесі, Қазақстан Республикасының аудиторы біліктілігінің иесі, Халықыралық сертификатталған кәсібі бухгалтер (CIPA) және Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері.

Халықаралық қаржы есебінің (ACCA DipIFR) және  кәсіби ішкі аудитор  дипломдары бар (DipPIA).

Ұлттық және дербес компанияларда қызмет атқарған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да 2014 жылдан бастап басқарушы директор қызметін атқарады. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 12-ші наурызынан басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


Можаева Ольга Ивановна 

Басқарушы директоры 

Жоғарғы білім. Қазақ Ұлттық Университетінің биология факультетін бітірген, кандидаттық ғылыми дәрежеге ие. Мұғалім, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры ретінде жұмыс тәжірибесіне ие. Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығында (ҰББСБО) директорының орынбасары қызметін атқарған. ҰББСБО қызметі барысында Біріккен Ұлттар ұйымынының мемлекеттердің «Мыңжылдықтың даму мақсаттарына» жету дәрежесін анализдеу және бағалау бойынша отырысына қатысып, балаларды бастауыш мектеппен толық қамту мәселесі жөнінде Қазақстанның тәжірибесі тақырыбын ашқан. Іскерлік әдебиет және адамның жеке тұлғасының дамуы жөніндегі кітаптарды қызыға оқиды.

2009 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім сапасын бағалау департаментінің директоры қызметін атқарып келеді. 

2013 жылдан бастап, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ Басқармасының мүшесі болып табылады. 

2014 жылдан бастап, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ Басқарушы директоры болып табылады.  


Қазжанова Айгүль Өмірқызы

Басқарушы директор

2010 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері»  ДББҰ жұмыс істейді. 2011 жылы басқарушы директор лауазымына тағайындалғанға дейін, оқу үрдісін басқару әдістемесі департаментінің директоры қызметін атқарды.

Халықаралық жобаларда жұмыс істеді, «Қазақстан Республикасы ТжКБ жүйесіндегі әлеуметтік серіктестік» ЕО Жобасының жетекші сарапшысы (2008-2010 жж.), «Қазақстан Тұңғыш Президентінің жаңа инновациялық мектептерін құру тұжырымдамасын әзірлеуге жәрдемдесу» жобасының жетекшісі, Н.Ә.Назарбаев атындағы білім беру қоры (2008 ж.). Халықтың ұлттық сарапшысы, Біріккен Ұлттар Ұйымы (2007). 2006-2007 жылдары. «2008-2012 жылдарға арналған Қазақстандағы мемлекеттік ТВЭ бағдарламасын» дамытуға жәрдемдесу »жобасында» ТжКБ жүйесінің оқытушылары үшін оқу жоспарларын әзірлеу және потенциалды арттыру » ЕО жобаларының жетекші сарапшысы болып жұмыс істеді. Ақмола облысында (2002-2005) Еуропалық Одақтың «Кәсіптік білім беруді Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуына байланыстыратын» ТАСИС жобасы.

18 жылдан астам уақыт бойы ағылшын тілінің мұғалімі және директрдың әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары ретінде педагогикалық тәжірибесі бар.

Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов университетін «ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмәмдады. А.Мырзахметов атындағы университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған, Лос Окончила Кокчетавский Педагогический Институт им. Ч. Валиханова по специальности «учитель английского языка», Университет им. А.Мырзахметова г. Кокшетау по специальности «экономист», Лос-Анжелес халықаралық университеті, Калифорния, АҚШ, EMBA. 


Сатенов Дамир Тлеубаевич

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының мүшесі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң Қамқоршылық кеңесінің шешімімен ДББҰ Басқармасының мүшесі болып тағайындалды. Қазіргі таңда ДББҰ-ң Заң департаментін басқарады. Бұл тағайындалуға дейін Адами ресурстарды басқару департаментінде қызмет етті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде, Астана қаласы әкімі аппаратында, қазақстандық заң фирмаларында жұмыс істеген.

2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік саясат мектебін әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесімен тамамдаған. 2013 жылы Дьюк Университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтті. 

«Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.  


Қаралым: 14919
Жарияланған: 17 Ақпан