Оқытушылар құрамы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың бос лауазымдарына байқау жариялайды


 

Осы хабарлама  бос лауазымдар және  уақытша қызметтте жоқ жұмысшылардың орнына  №1 қосымшаға сәйкес  өткізіледі.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

 Мұғалім-стажер: жоғары педагогикалық білімі немесе салаға сай кәсіби білім/бакалавр дәрежесі, еңбек өтілі талап етілмейді,  қазақ тілі мұғалімі үшін мемлекеттік тілді білу деңгейі «ортадан жоғары», басқа пән мұғалімдері үшін «қарапайым деңгейден» төмен болмауы керек; орыс тілі мен ағылшын тілін білуі керек,  ағылшын тілі мұғалімдері үшін  тілді білу деңгейі  IELTS-5.5, APTIS-B2, TOEFL-65-71,  АҚТ дағдыларын меңгеруі керек.   

Мұғалімнің ассистенті жоғары педагогикалық білімі немесе салаға сай кәсіби білім/бакалавр дәрежесі, еңбек өтілі талап етілмейді. 

 Байқау 2  қосымшаға сәйкес белгіленген  күндері өткізіледі (сағат 9.00 тіркеу, сағат 10.00 тестілеу  басталады).

Толық ақпаратты кадрлар бөлімінен телефон арқылы алуға болады.                      (№2 Қосымшаны қараңыз)

Байқау үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлім – тестілеу, екінші бөлім – шығармашылық, үшінші бөлім – сұхбаттасу.

(Сіз мектеп сайтында көрсетілген сілтеме арқылы  электронды тестілеуге онлайн тіркеуден өте аласыз).

Байқауға қатысу келесі құжаттарды өткізуіңіз керек:

1.     № 3 Қосымшаға сай  байқауға қатысушының өз қолымен толтырған тіркеу парағы;

2.                Жеке төлқұжат немесе паспорттың көшірмесі (кандидат тиісті құжаттың түпнұсқасын байқауға келгенде көрсетеді);

3.                 Нотариалдық немесе басқа заңнамалық орнатылған тәртіпте расталған еңбек жолын растайтын құжат көшірмесі;

4.                 Суреті бар түйіндеме;

5.                Кәсіби білім мен біліктілікті растайтын құжаттар;

6.                1 дана 3х4 фото;

7.                ҚР заңнамасымен бекітілген нұсқадағы медициналық анықтама;

Қосымша  ақпарат - олардың біліміне, еңбек өтіліне қатысты, кәсіби деңгейі және беделіне, (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелерді иемдену туралы құжат және алған атақтары, мінездеме, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және т.б құжаттардың көшірмесі).


Қаралым: 179
Жарияланған: 29 Мамыр