Шымкент қ. физика-математика бағытындағы мектебі

«Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы қаржы-шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары лауазымына 2019 жылдың 2 мамыр ауына дейін конкурс жариялайды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Шымкент қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы директордың қаржы-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары бос лауазым орнына 2019 жылдың 02 мамырына дейін конкурс жариялайды.

 Үміткерге қойылатын талаптар: 

1. Міндетті: 

Білімі  

Жоғары (қаржылық немесе экономикалық) 

Еңбек өтілі 

5 жыл және 3 жылдан кем емес басшылық қызметте  (ДББҰ, филиалдары мен еншілес ұйымдарының қызметкерлерінің ішінен үміткерлерді қоспағанда) 

Білімі мен біліктілігі 

 

Тілдерді білуі 

-      қазақша 

-      орысша 

-      ағылшын 

Компьютерлік сауаттылық 

- Word, 

- Excel (озық қолданушы), 

- 1С: Предприятие, 

- Power Point, 

- электрондық құжат айналым 

1.                 Болғаны құпталады: 

o   ДББҰ еңбек өтілінің болуы; 

o   Мемлекеттік қызметте еңбек өтілінің болуы (білім беру саласында,ы жұмыс тәжірибесі); 

o   Қосымша жоғары заңдық және инженерлік-техникалық білімінің болуы; 

o   Қаржылық есептіліктің Халықаралық стандарттарын білуі; 

o   Мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарын өткендігін растайтын сертификаттар мен басқа да құжаттардың болуы; 

o   Ағылшын тілі (білім деңгейі, сертификаттармен расталған); 

o   Іссапарларға дайын болуы; 

2.     Білуі тиіс: 

o   Қазақстан Ресубликасының «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Білім туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының  Еңбек, Бюджеттік, Салық кодекстерін; 

o   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ даму стратегиясын; 

o   Тиісті қаржылық жылға және алдағы уақыттағы 3 жылдық кезеңге бюджетті қалыптастыру (түзету) қағидаларын;    

o   «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және зияткерлік мектептері ұйымдарының тауарлар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алу Ережелерін; 

o   Келісімшарттарды жасау және орындау тәртібін; 

o   Филиалдың, еншілес ұйымдардың қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыру талаптарын; 

o   Еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғау және т.б. 

3.     Біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар: 

o   Филиалдың қаржы-экономикалық қызметіне оның барлық бағыттары бойынша басшылық етеді, оның ішінде, экономикалық жоспарлау, бюджеттік қаражатты ұтымды және тиімді  пайдалану мәселесі бойынша. 

o   Алдағы қаржылық-экономикалық жоспарлауды жетілдіру бойынша тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында филиалдың қаржылық ахуалына талдау жасайды. 

o   Мүлікті басқарады және күрделі салымдарды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану бойынша шаралар әзірлейді. 

o    Филиалдың қаржылық-экономикалық қызметінің нәтижесі туралы есептілікті уақтылы ұсынылуын және ДББҰ нормативтік құжаттары талаптарының орындалуын қадағалайды. 

o   Филиалдың/еншілес ұйымдардың жөндеу жұмыстары бойынша қызметтерді атқаруға,  жабдықтау, қызмет көрсету, көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарға бақылау жасайды. 

o   Келісімшарттарды жасау және жүргізу, келісімшарттық қызметті үйлестіру үшін әдістемелік нұсқаулар береді. 

o   Филиалдың бағынысты бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді. 

o   Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және т.б. ережелерінің салалық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінің орындауын қадағалайды. 

o   Сатып алуды жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасайды. 

4.     Қосымша: 

o   көшбасшылық; 

o   бастамашылдық; 

o   Стратегиялық ойлау; 

o   Коммуникативтік, ұйымшылдық; 

o   Сыбайлас жемқорлыққа төздеушілік; 

o   Непотизмнен аулақ болу; 

o   Кешенді басқару және аналитикалық мәселелерді шешу; 

o   ұйымды дамытудың жоғары динамикасының жағдайында табысты жұмыс жасай білу және жауапкершілікті ұдайы кеңейту; 

o   Команданы басқару дағдылары, экономикалық және бақылау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру; 

o   Бюджеттік заңнама шеңберінде жаңа бастамаларға, жобаларға дайындық; 

o   әріптестермен тиімді қарым-қатынас жасау (жеке жанжалдарға және адамдарға мұқият қарауға әкелетін проблемалық жағдайларды анықтау және шешу); 

o   Көп салалы құрылыммен өзара әрекеттеседі. 

Конкурсқа қатысу үшін түйіндемені мына электрондық почтаға жолдау қажет: info9360@mailnisedu.onmicrosoft.com Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжайдан алуға болады: 160000, Шымкент қаласы, Ақжайық м/а Элиталық қалашық, 6- құрылыс,   тел: 29-44-88 


Қаралым: 357
Жарияланған: 05 Қырқүйек