Семей қ. физика-математика бағытындағы мектебі

«Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы 05.04.2019 жылдаң бастап 18.04.2019 жылға дейін уақытша бос қызмет орнына 2019 жылдың соңына дейін экономист қызметіне жұмысқа қабылдау туралы конкурс жариялайды


 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1.      Міндетті:

 

Білімі:

- жоғары (қаржы немесе экономикалық)

Жұмыс өтілі:

- талап етілмейді

Білімі мен дағдылары:

            Арнайы білімі

- қаржы-шаруашылық қызметті жоспарлау;

- есеп беру және талдау;

- бухгалтерлік есеп;

- салық есебі;

- басқарушылық есеп.

            Компьютерлік сауаттылық

- Excel (тәжірибелі пайдаланушы);

- Word;

- 1С Кәсіпорын;

- Power Point

- электронды құжат айналымы

           Тілдерді білуі

- қазақ;

- орыс;

- ағылшын;

2.       Мүмкіндігінше:

•         Оқуды үздік бітірген ЖОО түлегі;

•         Жоспарлау дағдыларының болуы;

•         ДББҰ-да жұмыс тәжірибесі;

•         Мемлекеттік қызметіндегі тәжірибе (алдыңғы тәжірибесі білім беру саласында болуы);

•         Мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл;

•         Мамандық бойынша біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың және басқа да құжаттардың болуы;

•         Қосымша математикалық, бухгалтерлік білім;

•         Assess-тің тәжірибелі қолданушысы;

•         Ағылшын тілі (сертификатпен расталған білім деңгейі);

•         Іс-сапарларға дайын болуы.

3.      Білуге міндетті:

·         Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет және Салық Кодекстерін; «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

·          ДББҰ Даму стратегиясын;

·         Тиiстi қаржы жылына және алдағы 3 жылдық кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру (түзету) принциптерiн;

·          «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және зияткерлік мектептерінің ұйымдары қолданатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ережелерін;

4.      Біліктілікке қойылатын жалпы талаптар:

·         Филиалдың/еншілес ұйымның экономикалық жоспарлау жұмыстарын жүргізу (алдағы үш жылдық кезеңге арналған сұранымдарды жоспарлауды, нақтылауды және дайындауды іске асыру, тиiстi қаржылық жылына арналған бюджетті қалыптастыру және түзету кезінде филиалдың/еншілес ұйымның құрылымдық бөлімшелерінен ұсыныстарды жинақтау;

·         Филиалдың/еншілес ұйымның бюджетін алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасына сәйкес жоспарлау және шығыстар бойынша ағымдағы оқу жылының бюджетін айқындау;

·         Мектеп бюджетінің кірісін есептеу;

·         Бюджеттің іске асырылуы жайлы талдау жасау, есептерді жедел жасау;

·       Сметаларды құрастыру;

·       Келісімшарттарды жасауға қажетті материалдарды дайындауға қатысу;

·       Шығысты өтеу, филиалды/еншілес ұйымды қаржыландыру туралы өтінішті жазу және жіберу.

5.      Қосымша:

•         бастамашылдық;

•         зерделілік;

•         жинақылық;

•         шыдамдылық;

•         логикалық ойлау;

•         аналитикалық қабілеттер;

•         жемқорлыққа төзбеушілік;

•         непотизмге жол бермеу;

•         өздігінен білім алу қабілеті;

•         жазбаша және ауызша формада ойын сауатты және түсінікті түрде білдіре алу.

Түйіндемені қабылдаудың мерзімі:

05.04.2019 ж

 Әңгімелесу өтетін күн

20.04.2019 ж

 

Конкурсқа қатысу үшін түйіндемені келесі электрондық мекенжай бойынша жіберу қажет: info@sm.edu.nis.kz.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (7222) 63-63-50.


Қаралым: 259
Жарияланған: 05 Сәуір