Астана қ. физика-математика бағытындағы мектебі

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы сатып алу маманының бос қызмет орнына конкурс жариялайды.


Үміткерлерге қойылатын талаптар: 

1.                  Міндетті: 

Білімі 

Заңгерлік немесе экономикалық кәсіби жоғары білім 

Жұмыс өтілі 

Лауазымдық қызметке сәйкес келетін салаларда, мүмкіндігінше білім беру саласында кем дегенде 1 жыл тәжірибесінің болуы 

Білік, дағдылары 

Есептеу құралдары және компьютерлік техникамен, басқа да кеңсе техникалары, байланыс құралдары, базалық бағдарламалармен (WORD, EXCEL), Қазақстан Республикасы заңнамаларының мәліметтік қорымен жұмыс істеу негіздері 

Тілдерді меңгеруі 

-      қазақ тілі 

-      орыс тілі 

2.                  Қолайлы тұстары: 

o   ДББҰ-дағы жұмыс тәжірибесі; 

o   мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі (осыған дейін білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі); 

o   мамандығы бойынша біліктілігін растайтын сертификаттар мен өзге де құжаттар; 

o   ағылшын тілі; 

o   біліктілігін арттыруға дайындығы. 

3.      Білуге міндетті: 

o   Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мәртебесі туралы заң, білім беру саласын реттеудің мемлекеттік құқықтық-нормативтік актісі, сонымен қатар, ДББҰ-дағы сатып алу үдерісінің ұйымдастырылуы мен өткізілуін реттейтін құжаттар (Тауарларды сатып алу және ДББҰ мен зияткерлік мектептер ұйымдарында жүргізілетін жұмыстар мен қызмет көрсету Ережесі (одан әрі - Ереже), ДББҰ-ның ішкі құқықтық-нормативтік актісі және басқа да құжаттар мен тауарларды сатып алу үдерісін жүргізуді реттейтін нұсқаулық материалдар, жұмыс және қызмет көрсету, ДББҰ-ның сатып алу жоспарын жасау, қаржысын жоспарлау). 

4.      Лауазымдық міндеттер: 

·        бекітілген қаржы негізінде тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету жоспарын жасау, тауарларды сатып алу Жоспарына (қажеттілігіне қарай) өзгерістер мен/немесе толықтырулар енгізу; 

·        ДББҰ Ережесі мен басқа ішкі құжаттарға сай жоспар бойынша филиалға тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету үдерісін ұйымдастыру және өткізу; 

·        ДББҰ Ережесі мен басқа ішкі құжаттарға сай жүзеге асырылған тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету үдерісіне мониторинг жасау;

·        ДББҰ-ның ғаламтор-ресурстарына сатып алу туралы ақпарат жариялау; 

·        сатып алу жоспарында қарастырылмаған тауарларды, жұмыс пен қызмет түрлерін пайдалануға жол берілмеуін бақылау; 

·        жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың сатып алу саласы мәселелеріне қатысты хаттарын, өтініштері мен жолдауларын қарастыру; 

·        өз біліктілігі аясында ішкі құжаттар, соның ішінде ДББҰ-ның нормативті құжаттарын уақытында, әрі сапалы түрде қарастыру және келісу; 

·        ұсыныс енгізу, сонымен қатар ДББҰ-ның тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге қатысты жаңа жобаларды дайындау; 

·        филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне тауарларды сатып алу мәселелері бойынша кеңес беру (әдістемелік бірлестіктерге оқу блогін құруға қатысты кеңес беру, келісу, сонымен қатар, тауарларды сатып алу бастамашысы саналатын филиалдың қосымша қызметі, тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің техникалық ерекшелігі мен оларды қолдану есебі бойынша кеңес беру); 

·        тауарларды сатып алу саласының міндеттері мен қызметін жүзеге асыру аясында басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыру: 

·        белгіленген тәртіп бойынша тендерге қатысушы тараптарға тендер құжаттарын ұсыну; 

·        белгіленген тәртіп бойынша тендерлік өтініштер мен баға ұсыныстарын тіркеу; 

·        қажеттілігіне қарай тауарларды сатып алу үдерісіне қатысушы тараптардан ұсынылған тендерлік және баға ұсыныстарына қатысты қосымша түсіндірме ақпарат сұрау;  

·        тауарларды сатып алу үдерісіне қатысушы тараптардың біліктілігіне қатысты мәліметтерді растайтын құжаттарды қарап шығу; 

·        тауарларды сатып алу үдерісін жүргізумен байланысты келіспеушіліктерді шешуге қатысу; 

·        тауарларды сатып алу үдерісін жүзеге асыру мақсатында басқа ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеу; 

·        белгіленген есеп беру үдерісін жүргізу; 

·        нарық жағдаятына маркетингтік зерттеулер жүргізу, тауарларды сатып алу үдерісін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты талдау; 

5.      Қосымша: 

o   Ұйымның жоғары динамикалы даму үдерісінде табысты жұмыс істеу қабілеті мен міндеттемелер шеңберін үздіксіз кеңейту; 

o   Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін командада жұмыс істеу; 

o   Көпфилиалды құрылыммен ынтымақтаса жұмыс істеу; 

o   Көпміндеттілік режимі. 

Конкурсқа қатысу үшін түйіндемені anuarbekova_a@ast.nis.edu.kz электронды поштасына жіберу керек. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайға немесе байланыс телефонына хабарласуға болады: Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал көшесі 21-үй, 8(7172) 55-98-01 


Қаралым: 153
Жарияланған: 24 Сәуір